Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "5 минут сөйлесіп, ұнағанымен кездеседі": Заманауи жеңгетай қыз-жігіттерді таныстырып, үйлендіріп жүр

"5 минут сөйлесіп, ұнағанымен кездеседі": Заманауи жеңгетай қыз-жігіттерді таныстырып, үйлендіріп жүр

Сүрбойдақтар пен тұрмыс құрмаған қыздардың құлағына алтын сырға! Елімізде үйленбеген жігіттер мен күйеуге шықпаған бойжеткендер қай қалада көп екені белгілі болды. Тіпті себебі де анықталыпты.

Мансапқа мастанып, үйленуге асықпайтындардың да шешімі бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сүйген жарын жолықтыра алмай жүрген жандарға құлаққағыс!
Елімізде ең көп сүрбойдақтар – Түркістан облысында, ал қалыңдықтардың басым көбі Алматыда тұрады екен. Оны мамандар да растап отыр.

«2018 некеге тұрған ерлердің орташа жасы 27,6, ал әйелдерде 25 жасты құрайды. Әйелдердің 43 пайызы 24 жасында тұрмысқа шықса, ерлердің 35,9 пайызы 25-29 жасында үйленеді», - деді ҚР экономика министрлігі әлеуметтік жне демографиялық статистика басқармасының сарапшысы Әсем Алданғарқызы.

Әрине, елімізде сүрбойдақ пен оң жақта отырып қалған қыздар жыл сайын көбейіп бара жатқаны белгілі. Себеп көп: оқу, жұмыс, мансап, айта берсең кете береді. Жалпы алғанда материалдық жағдайды жақсартамын деп уақыттың қалай зырғып өткенін жастар байқамай қалады. Салдарынан бала туу көрсеткіші төмендеп, еліміздің демографиясы құлдырады. Ал бұл проблеманы мемлекет деңгейінде шешу керек, дейді қоғам белсенділері.

«200 мың үстінде бойдақтар, 300 мыңға таяу кәрі қыздар. Оның үстіне айырылысқандарды алатын болсақ 700 мың. 12 миллион қазаққа көп нәрсе ғой. Ұлттық Кеңеске осы мәселені қою керек», деді қоғам қайраткері Сәдібек Түгел.

Мәселен, екі жасты табыстырып, некелестіріп жүрген заманауи жеңгетай Нағима Сыздықова, бір жылда 180-ге жуық жұптың басын қосып үлгеріпті. Тіпті, ары қарай отау құруына ат салысыпты. Айтуынша, өз беттерінше танысып, сөйлесіп кетуіне жігіттерге де, қыздарға да батылдық жетпейді. Психолоргиялық тұрғыдан мотивациялары аз. Сондықтан өзің араласпасаң, олардың әрі қарай жүре беретін түрлері бар, деп қалжыңдайды.

"Бір кеште 5-6 қыз, бір ер адаммен 5-7 минуттан кездесу ұйымдастырады. Яғни әңгімелесіп, сұрақ қойып, бір-бірін тану үшін. Кейін, жігіт өзіне басқалардан көбірек ұнаған қызды таңдайды. Бәрі қарапайым болып көрінгенімен, бір жылдың ішінде, осындай жолмен мен 175 жұпқа көмектестім. Қазірде олар бақытты отбасы", - деді жеңгетай Нағима Сыздықова.

Сайып келгенде, қазіргі жастар шаңырақ көтеруге асықпайды. Өмірдің қызықты сәттерін жібермей, барынша бостандыққа жүргенді қалайды. Ал мұндай өмірлік ұстанымның соңы жақсылыққа апармайды. Салдарынан...

«...түнгі клубтар көбейіп кетті жастарды теріс жолға бастайтын. Жаңағы гей клуб, гейша клубтар дей ма. Осы бір жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақ сияқты арам шөптей қаптап жатыр. «Бір Алматы ауданының өзінде жүздің үстіне сауна бар екен. Сонда сіз ойлаңыз, жеті аудан бар, жеті жүздей сауна. Сонда осылардың барлығы жастарды шайтани жолға бастайтын нәрселер», - дейді Сәдібек Түгел.

Елімізде 20-30 жас аралығында жастардың саны 3 миллоннан асығып жығылады екен. Ал оның ішінде жігіттер қыздарға қарағанда 16 560- мыңға көп. Сондықтан да ескі «7 қызға 1 ұл» деген стериотип әлде қайда ескірген дейді сарапшылар.

02 тамыз 2019 ж. 1 367 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 58

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930