Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қажысаңыз оқыңыз, жеңілдейсіз

Қажысаңыз оқыңыз, жеңілдейсіз

Өмір болғаннан кейін, барлығымыз да күніне түрлі келеңсіз жәйттермен кезігіп жатамыз. Кейде қамығып, қанатың қайырылуы мүмкін. Кейде салың суға кетіп, бес күндік жалған өмірдің бітпес тіршілігінен мезі болатын кездер болады. Пенде болғаннан кейін, күнә жасап қойып, артынан бармақ тістейтін сәттер де бар. Осындай кезде қолыңды бір сілтемес бұрын, қасиетті Құранның мына аяттарына көңіл бөлейік. Алланың сөзі жанға демеу болып, күйзелістен шығуға көмектеседі.
1.Ойыңызды мұң шалғанда. «(Мұхаммед Ғ.С.) иман келтіріп, ізгі іс істегендерді қуандыр! Расында олар үшін астарынан өзендер ағатын жәннәттар бар. Әрқашан оларға оның жемісінен бір ризық берілсе, олар: «Осы бізге бұрын да беріліп еді» дейді. Тағы оның ұқсасы келтіріледі. Әрі олар үшін онда тап-таза жұбайлар да бар. Олар онда мәңгі қалады. («Бақара» сүресі, 25-аят)
2.Күнә жасап қойсаңыз. (Мұхаммед Ғ.С.): “Әй өздеріне зиян қылған құлдарым! Алланың рахметінен күдер үзбеңдер. Алла біртүтас күнәларды жарылқайды. Өйткені Ол тым жарылқаушы, төтенше мейірімді” де. («Зумәр» сүресі, 53-аят)
3.Шарасыздыққа тап келсеңіз. Алла (Т.) иман келтіргендердің досы. Оларды қараңғылықтардан жарыққа шығарады. Ал қарсы болғандардың достары шайтан, оларды жарықтан қараңғылықтарға шығарады. Міне солар тозақтық. Олар, онда мәңгі қалады. («Бақара» сүресі, 257-аят) .
4. Иманыңыз әлсіресе. «Сөз жоқ, Мұсылман ерлер және Мұсылман әйелдер, Мүмін ерлер және Мүмін әйелдер, бой ұсынушы ерлер және бой ұсынушы әйелдер, шыншыл ерлер және шыншыл әйелдер, сабырлы ерлер және сабырлы әйелдер, ықыласты ерлер және ықыласты әйелдер, садақа беруші ерлер және садақа беруші әйелдер, ораза ұстаушы ерлер және ораза ұстаушы әйелдер, ұятты жерлерін қорғаушы ерлер және әйелдер, Алланы көп зікір етуші ерлер және әйелдер, Алла (Т.) бұлар үшін жарылқау және ірі сыйлық әзірледі» (35)
5. Жәбірленіп, қысым көрсеңіз. «Әй адам баласы! Шүбәсыз сендерді бір ер, бір әйелден (Адам, Хауадан) жараттық. Сондай-ақ бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық. Шынында Алланың қасында ең ардақтыларың тақуаларың. Шәксіз Алла толық білуші, әр нәрседен хабар алушы»(«Хужурат» сүресі, 13-аят)
6. Жалғызсырасаңыз. «Расында адамзатты жараттық. Оған, нәпсісінің не сыбырлағанын білеміз. Өйткені Біз, оған күре тамырынан да жақынбыз» («Қаф» сүресі, 16-аят).
7. Егер сізді бағаламаса. «Расында бұл сендердің сыйлықтарың, еңбектерің жоғары бағалануға лайық болды» («Инсан» сүресі, 22-аят).
8. Қиындықтан мезі болсаңыз. «Негізінде ауырлықпен бірге бір жеңілдік бар» («Инширах» сүресі, 5-аят).
9. Сізбен дұрыс қарым-қатынас жасамаса. «Рахманның құлдары жерде сыпайы түрде жүріп, оларға білместер тіл тигізсе де: “Сәлеметшілік” деп, дұрыс жауап береді» («Фурқан» сүресі, 63-аят).
10. Кешірімге ие болу үшін. «Ал олар қашан арсыздық істесе не өздеріне зұлымдық қылса, Алланы естеріне алып, күнәларының жарылқауын тілейді. Күнәларды Алладан басқа кім жарылқайды. Сондай-ақ олар істеген істеріне біле тұра қасарыспайды» («Әли Имран» сүресі, 135-аят).

13 қазан 2020 ж. 929 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930