Көз тию ырым ба?
Қазақта ертеден бүгінге дейін жеткен түрлі ырымдар бар. Соның ішінде көз тиюге қатысты «Маңдайына күйе жақ», «Қызыл жіп іліп қой», «Көзмоншақ тағып жүр» деген сынды түсінікті де, түсініксіз сөздердің бар екені жасырын емес. Әйтеуір барлығының қазақ үшін өзіндік мағынасы зор. Жалпы көз тию деген не?
Ежелден қазекең – жақсы адамға, кішкентай сәбиге, ажарлы аруға көз тиеді деп болжаған. Сонымен қатар біреуді мақтаса, сөздің ол адамға әсері қатты тиіп, тіпті медицина қызметкерлері де қол ұшын соза алмауы әбден мүмкін. Олай дейтініміз, көз тию дана халықта бағзыдан келе жатқан құбылыс.
Расымен бір адам қатты сырқаттанып қалар болса, оның оған дейінгі жасаған істерін еске алып отыратын қазақпыз. Себебі қария қазыналарымыз әлі күнге дейін «Кеше ғана шауып жүр еді. Қызметте өсіп, көп абырой жинаған осы балаға көз тиді», – деп айтып отырады. Жас келінге, сәбиге қызыға қараған адамдарға да көзің тиеді деп, ырымдап, «түкіріп қой!» деп мәжбүрлеп жатады. Негізі бір жан басқа адамның мақтауын асыратын болса, артынша «тіл аузың тасқа!» деп айтады. Қалай десек те барлығы бірдей ырымдарға сенеді деп айту қиын. Өйткені ол ырымдардың бірі мағыналы болса, екіншісі мүлдем қисынсыз. Бұған асыл дініміз ғана мәлімдеме жасамаса, біздің жауап бере алмасымыз анық.
Адамзаттың асылы, ардақтысы Пайғамбарымыз (с.а.с) «Көз тию – бұл аль-хакк» (ойдан шығарылған емес, өмірде шынайы құбылыс) деп айтқан. Бір хадисте «Көз тию ақиқат. Ол түйені қазанға, адамды қабірге түсіреді» делінген. Және Құранда, кезінде Жүсіп пайғамбар (а.с) әкесі Жақып пайғамбар (а.с) өзінің балаларын Мысыр еліне жіберіп тұрған кезде оларға былай дейді: «Уа, балаларым, Мысырға бәрің бір қақпадан кірмеңдер, бөлек-бөлек қақпадан кіріңдер. Не істесем де Алладан келген тағдырды өзгертуге менің шамам жетпейді. Өйткені ақиқатында, үкім беру тек қана Аллаға тән». Мұндай дәлел, деректерден кейін бұл Адам атадан, яғни адамзат баласы пайда бола бастағаннан бар. Бұл шындық, хақ дүниеге бейжай қарап, жіті назар аудармасақ, жан баласына кері әсер тиюі әбден мүмкін.

А.БАҚЫТҰЛЫ