Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Республикалық байқауда бақ сынаңыз

Республикалық байқауда бақ сынаңыз

«Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» республикалық байқауын ұйымдастыру және өткізу ережесі
1.    Жалпы ережелер
1.    Осы «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» республикалық байқауын (бұдан әрі – Байқау) ұйымдастыру және өткізу ережесі байқауға қатысу және жеңімпазды, жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді.
2.    Байқаудың мақсаты қазақстандықтардың бірлігін нығайтудың      аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету, мемлекеттік тілдегі жарнама мәтінін сауатты ресімдеу жолдарын насихаттау, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының орындалуын қадағалау жұмыстарына атсалысып, белсенділік танытып жүрген азаматтарға қолдау көрсету, ынталандыру.
Байқау өткізудің міндеті республика, облыс аумағында, БАҚ-та                       (радио (аудиожарнама), телеарна (бейнежарнама), баспа) және әлеуметтік желілерде жарияланатын республиканың квазимемлекеттік секторының, кәсіпкерлік (шағын және орта бизнес) субъектілерінің (облыстық, қалалық филиалдары) жарнама мәтінін әзірлейтін копирайтерлері мен мемлекеттік тілге аударма жасайтын мамандарды ынталандыру.
2. Байқауды ұйымдастыру тәртібі
3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті (бұдан әрі – Комитет) Байқауды ұйымдастырушы болып табылады.
4. Байқау аясында қоғаммен, квазимемлекеттік сектормен, жергілікті жерлердегі кәсіпкерлік (шағын және орта бизнес) субъектілерімен байланыс орнатылады.
5. Байқауға қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады.
Қазылар алқасының құрамын Комитет анықтайды.
Қазылар алқасының құрамына кемінде үш адамнан тұратын филолог ғалымдар, қоғам қайраткерлері, журналистер кіреді.
6. Қазылар алқасының мүшелері Байқауға қатысушылардан түскен материалдар негізінде ашық дауыс беру арқылы Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтайды.
Қазылар алқасы мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
7. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделеді және оған қазылар алқасының барлық мүшелері қол қояды.
4. Байқауға қатысу тәртібі
8. Байқауға заңды тұлғалардың мемлекеттік тілде жарнама мәтінін әзірлейтін копирайтерлері және мемлекеттік тілге аударма жасайтын мамандары (келісімшарт бойынша және т.б.) қатыса алады.
9. Байқауға қатысушылар:
1) осы ережеге қосымша берілген нысанда Байқауға қатысуға өтінімді:
2) 2023 жылғы қыркүйектен кейінгі мерзімде әзірлеген және аударған жарнама мәтіндерінің тізбесін;
3) қазақ тілінде әзірленген және қазақ тіліне аударған жарнама, бейнежарнама, аудиожарнама мәтіндерінің жарияланған орындарын дәлелдейтін құжаттарды (БАҚ беттеріндегі, әлеуметтік желілердегі жарнамалар, телеарна мен радио атауы, фотосурет, баннер, билборд, сілтеме, скриншот, келісілген жарнама үлгілері және т.б.) жолдауы керек.
4. Байқауға қатысу үшін өтінім Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасына 2024 жылғы 1 шілдеге дейін тапсырылуы қажет.
5. Байқау қорытындысы туралы
10. Байқау жеңімпазы мен жүлдегерлері арнайы дипломдар, алғысхаттар және Комитет бекіткен жүлде қоры мөлшерінде қаржылай сыйлықтармен марапатталады.
11. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері туралы ақпарат Байқау өткеннен кейін 10 күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Комитеттің интернет-ресурсына, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына орналастырылады.
Мекенжайымыз: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі №1, Облыстық мекемелер үйі, Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы, 317 кабинет.
Байланыс телефондары: 8 (7242) 60-53-14, 60-53-15. +7 7774994038,                      +7 7019064337.
«Жарнама – тіл тазалығының көрінісі»
республикалық байқауын ұйымдастыру
және өткізу ережесіне қосымша
нысан
«Жарнама – тіл тазалығының көрінісі»
республикалық байқауына қатысуға
өтінім
1.    Т.А.Ә. __________________________________________________
2.    Жасы ___________________________________________________
3.    Білімі___________________________________________________
4.    Қызметі__________________________________________________
5.    Мекенжайы______________________________________________
6.    Байланыс телефондары_____________________________________
7.    Қосымша ақпарат ________________________________________

                                                Қолы

                                                Күні




26 сәуір 2024 ж. 81 0

Қарғыс тиген қыз

13 шілде 2024 ж. 118

Қызы қылықты ел едік...

13 шілде 2024 ж. 95

Жиде жұпар шашқанда...

13 шілде 2024 ж. 104

Мәйітхана

13 шілде 2024 ж. 119

Бақыттың мәнін ұғынсақ

12 шілде 2024 ж. 109

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031