Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазгидрометте Қара теңіз аудандарынан келетін Батыс антициклоны республиканың ауа райына әсер етеді деп мәлімдеді.
“Осы ретте республиканың солтүстігінде жауын-шашынның тоқтап, аяз келеді. Мурманск аудандарынан Қазақстанның батысына қарай циклон жылжуда, ол жерде жаңбыр, қар, екпінді жел мен көктайғақ құбылыстарының туындауына әкеледі”, – деді Қазгидрометте.
Солтүстік-батыс, солтүстік аймақтардағы термометрлер түнде -10-мен -25°C градусқа дейін, батыста -5-тен -15°C, оңтүстікте 0 градустан -15°C градусқа дейінгі көрсеткіштерді көрсетеді.