43 градус ыстық: Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады
istockphoto"Қазгидромет" елімізде 13 тамыз, бейсенбі күні аптап ыстық пен бұршақты нөсер қатар күтілетінін хабарлады.
Болжамға сәйкес, күндіз еліміздің бірден 14 өңірінде аптап ыстық болады.
Қатты ыстық:
+35°С-қа дейін – Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде;
+35+39°С-қа дейін – Алматы, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында, Жетісу, Ұлытау және Абай облыстарында;
+38+42°С-қа дейін – Жамбыл және Маңғыстау облыстарында;
+40+43°С-қа дейін – Түркістан және Қызылорда облыстарында.
Өте қатты ыстық:
+40+41°С-қа дейін – Абай, Ұлытау, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігі мен шығысында.
Ауқымды антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр.
Тек Қазақстанның батысында, шығысында, оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Елдің батысында қатты жаңбыр күтіледі, жекелеген аудандарда бұршақ жауып, дауыл соғуы мүмкін. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл, елдің солтүстігінде түнде және таңертең тұман болжанады, – деп мәлімдеді «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.










