Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жексенбіде еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Жексенбіде еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылдың 9 тамызында Алматыда, Шымкентте және Қазақстанның барлық 17 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Күндіз Атырау облысында 35-39 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында 9 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, ал түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің күндізгі екпіні облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 35-36 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің күндізгі екпіні облыстың орталығында, шығысында 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыс бойынша 40-43 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 9 тамызда күндіз шаңды дауыл тұрып, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Күндіз 40-42 градус қатты ыстық болып, қалада төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, ал облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде 9 тамызда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.
Абай облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні облыстың оңтүстік-батысында, орталығында 15-20 м/с, күндіз кей тұстарда 23 м/с дейін жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық болып, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Ақтөбе облысында 35-38 градус қатты ыстық болып, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, ал облыстың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 9 тамызда күндіз 36-38 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз облыстың батысында, орталығындағы екпіні 15-18 м/с құрайды. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 9 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні облыстың оңтүстігінде 15 м/с құрайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық болып, облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, ал облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 9 тамызда күндіз 35-37 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің күндізгі екпіні облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с құрайды. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 9 тамызда күндіз 35-36 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық болып, облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 9 тамызда күндіз 35-36 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Ақмола облысында 35 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 9 тамызда күндіз 35 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.
Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің күндізгі екпіні облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с құрайды. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда 9 тамызда күндіз 35 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Қонаевта 9 тамызда күндіз 36 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.
Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с құрайды. Күндіз 40-41 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте 9 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда 9 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғып, күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 40 градус қатты ыстық болып, қалада төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 25 м/с дейін жетеді. Күндіз облыс бойынша 38 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда 9 тамызда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 38 градус қатты ыстық болып, қалада төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда 9 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда 9 тамызда күндіз 35-36 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.

Бұған дейін синоптиктер 9 тамызда Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралатынын айтқан.
08 тамыз 2026 ж. 28 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31