Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада қоян-қолтық ұрыстан ҚР ІІМ чемпионатына іріктеу турнирі өтті

Қызылордада қоян-қолтық ұрыстан ҚР ІІМ чемпионатына іріктеу турнирі өтті

«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында Қызылорда облысы Полиция департаментінде ҚР ІІМ чемпионатына жолдама беретін қоян-қолтық ұрыстан департамент қызметкерлері арасындағы іріктеу турнирінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жарысқа облыстық департаменттің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық полиция бөлімдерінің қызметкерлері қатысуда.
Турнирдің ашылу салтанатына Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Омаров Оралбек Тәубақабылұлы, ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы полиция полковнигі Шаймағамбетов Әмірбек Бердібекұлы, сондай-ақ спорт саласының ардагерлері мен құрметті қонақтар қатысты. Жарыстың бас төрешісі – Қызылорда облысы жекпе-жек федерациясының президенті Дәулетов Дәуірбек Замирбекұлы. Төрешілер алқасының құрамында еліміздің чемпиондары мен халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері қызмет атқаруда.

Іс-шара барысында сөз сөйлеген полиция полковнигі Омаров Оралбек Тәубақабылұлы мұндай жарыстар қызметкерлердің жауынгерлік және дене даярлығын шыңдап, кәсіби шеберлігін арттыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Өз кезегінде ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы Шаймағамбетов Әмірбек Бердібекұлы қатысушыларға сәттілік тілеп, әділ әрі тартысты бәсеке болуына сенім білдірді.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және медальдармен марапатталды. Атап айтқанда, 57 келі салмақ дәрежесінде Ғазиз Руслан Рустамұлы, 62 келіде Смағұл Ербол, 67 келіде Шанжархан Рамазан, 73 келіде Нұрланов Нұрислам, 80 келіде Сәдуақасов Ернар Сабырбекұлы, 88 келіде Мәлік Бекжан Бегалыұлы, 97 келіде Әбдіхай Заманбек және 97 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Тынысбек Қуаныш Сәбитбекұлы І орын иеленіп, ҚР ІІМ чемпионатына жолдама алды.

Айта кетейік турнир қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен спортшылар Қызылорда облысы Полиция департаментінің құрама командасы сапында ҚР ІІМ чемпионатында облыс намысын қорғайтын болады.
03 тамыз 2026 ж. 39 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31