Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аптап ыстық пен дауыл: еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды

Аптап ыстық пен дауыл: еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды

Фото: pixabay
Синоптиктер елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райы күтілетінін ескертті. Кей аймақтарда 40 градусқа дейін қатты ыстық болса, кей өңірлерде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл және шаңды дауыл болуы мүмкін. Сонымен қатар бірқатар облыста төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында шаңды дауыл күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Көкшетау қаласында күндіз кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15 м/с болады.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с. Күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкент қаласында жоғары өрт қаупі, Түркістан қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай қаласында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Оңтүстігінде күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15 м/с болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан батысқа ауысатын жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі. Қарағанды қаласында түнде жаңбыр, найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі күтіледі.

Жетісу облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, солтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қаласында күндіз 37-39 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы қаласында кешке аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Іле Алатауының (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) аумағында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Алматы облысының солтүстігінде, орталығында 40-42 градус өте қатты ыстық күтіледі. Қонаев қаласында күндіз 40-42 градус өте қатты ыстық болады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады. Солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қаласында күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел екпіні 15-20 м/с болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскемен қаласында таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық болады.

Павлодар облысында жаңбыр, найзағай, күндіз солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, шығысында екпіні 25 м/с болады. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодар қаласында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел екпіні 15-20 м/с.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз 23 м/с дейін жетеді. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Шығысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қаласында таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық болады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с болады. Оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавл қаласында күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман болады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз солтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с. Облыс бойынша 38 градус қатты ыстық сақталады. Төтенше өрт қаупі, шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
02 тамыз 2026 ж. 27 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31