Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 19 шілдеге арналған ауа райы болжамы

19 шілдеге арналған ауа райы болжамы

19 шілдеде еліміздің бірқатар өңірінде найзағай мен бұршақ болжанса, оңтүстікте аптап ыстық сақталады
19 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Фото:
© istockphoto.com
Синоптиктер 19 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Ал оңтүстік аймақтарда ауа температурасы +48 градусқа дейін көтерілетін аптап ыстық сақталады.
Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +34...+36°C болады.
Алматыда жауын-шашынсыз құбылмалы бұлтты ауа райы болжанады. Жел 3-8 м/с. Түнде +25...+27°C, күндіз +40...+42°C.
Шымкентте жауын-шашынсыз құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Түнде +26...+28°C, күндіз +45...+47°C.
Ақтауда жауын-шашынсыз құбылмалы бұлтты ауа райы болжанады. Жел 7-12 м/с. Түнде +22...+24°C, күндіз +30...+32°C.
Ақтөбеде құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 5-10 м/с, екпіні 15 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +14...+16°C, күндіз +22...+24°C.
Атырауда жауын-шашынсыз құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Жел 6-11 м/с. Түнде +17...+19°C, күндіз +29...+31°C.
Жезқазғанда жауын-шашынсыз құбылмалы бұлтты ауа райы болжанады. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Түнде +24...+26°C, күндіз +36...+38°C.
Қарағандыда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +22...+24°C, күндіз +32...+34°C.
Көкшетауда құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 9-14 м/с. Түнде +18...+20°C, күндіз +28...+30°C.
Қонаевта жауын-шашынсыз құбылмалы бұлтты ауа райы болжанады. Жел 9-14 м/с. Түнде +23...+25°C, күндіз +41...+43°C.
Қостанайда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түсіп, бұршақ жаууы мүмкін. Жел 9-14 м/с. Түнде +15...+17°C, күндіз +26...+28°C.
Қызылордада жауын-шашынсыз құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Жел 9-14 м/с. Түнде +27...+29°C, күндіз +41...+43°C.
Павлодарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Түнде +18...+20°C, күндіз +35...+37°C.
Петропавлда жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Жел 9-14 м/с. Түнде +17...+19°C, күндіз +26...+28°C.
Семейде күннің екінші жартысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал. Жел түнде 2-7 м/с, күндіз 5-10 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +18...+20°C, күндіз +36...+38°C.
Талдықорғанда жауын-шашынсыз құбылмалы бұлтты ауа райы болжанады. Жел 5-10 м/с. Түнде +18...+20°C, күндіз +40...+42°C.
Таразда жауын-шашынсыз құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Түнде +23...+25°C, күндіз +43...+45°C.
Түркістанда жауын-шашынсыз құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Жел 8-13 м/с. Түнде +28...+30°C, күндіз ауа температурасы +46...+48°C-қа дейін көтеріледі.
Оралда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Жел 9-14 м/с. Түнде +14...+16°C, күндіз +25...+27°C.
Өскеменде күннің екінші жартысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай болуы ықтимал. Жел түнде 2-7 м/с, күндіз 5-10 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +17...+19°C, күндіз +35...+37°C болады.



19 шілде 2026 ж. 111 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031