Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2027 жылдан бастап ипотекалық несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесі жаңа тәртіппен есептеледі

2027 жылдан бастап ипотекалық несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесі жаңа тәртіппен есептеледі

Фото: pixabay
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк бірлескен қаулымен қарыздар мен микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің (ЖТСМ) шекті мөлшерлеріне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті деңгейі қарыз сомасының кепіл мүлкі құнына қатынасы коэффициентіне (ҚСК) қарай белгіленеді:
ҚСК 0,7-ден аспаса – 20%;
ҚСК 0,7-ден жоғары болса – 25%.
ҚСК ипотекалық тұрғын үй қарызы сомасының кепілге қойылған мүлік құнына қатынасы ретінде есептеледі.
Сонымен қатар, келесі қарыз түрлері бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті деңгейі өзгеріссіз қалады:
кепілсіз банктік қарыздар бойынша – 46%;
кепілмен қамтамасыз етілген банктік қарыздар бойынша – 35%.
Толығырақ
Сондай-ақ 2026 жылғы 21 шілдеден бастап микроқаржы ұйымдары беретін микрокредиттер бойынша ЖТСМ тәулігіне 0,3%-дан төмен, бірақ жылдық есеппен 179%-дан аспауы тиіс екені нақтыланды. Бұл талап Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бекіткен микроқаржылық қызметті жүзеге асыру талаптарына сәйкес келетін ұйымдарға қолданылады.
Күнтізбелік 45 күнге дейінгі мерзімге және 45 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспайтын сомаға берілетін микрокредит шарттарына қатысты мынадай талаптар белгіленді:
микрокредитті немесе сыйақыны уақытында қайтармағаны үшін есептелетін тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттеме сомасының 0,3%-ынан аспауға тиіс;
қарыз алушының сыйақы мен айыппұлдарды қоса есептегендегі барлық төлемдерінің жалпы сомасы (негізгі қарызды қоспағанда) микрокредиттің бүкіл мерзімі ішінде берілген қарыз сомасының жартысынан аспауы керек;
тараптардың келісімімен шарттың қолданылу мерзімін қолданыстағы немесе одан да қолайлы талаптармен 90 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге ұзартуға болады.
Қаулы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді. Жекелеген нормалар үшін өзге қолданысқа енгізу мерзімдері көзделген.
Еске салайық, 2026 жылғы 1 шілде мен 2027 жылғы 1 қаңтар аралығында ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті деңгейі 25% болып сақталады.
09 шілде 2026 ж. 51 0

9 шілдеге валюта бағамы

09 шілде 2026 ж. 62

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031