Қамқорлығы мол Қаршыға
Атаң менен анаңды ырысым де,
Сен үшін көз ілмеген түн ішінде.
Ащы тер, уыз сүтін ақтау үшін,
Жетпейді алтын менен күмісіңде.
Ата-ананың батасын алмасаңыз,
Баспайды алға қадам бір ісіңде.
Шал ақын
ІЗТІЛЕУ ҚҰЛЕКЕҰЛЫ
Кейде өз өмір жолыңды еске алып, ой кешіп, өткен күндер көз алдыңда көлбеңдей өтіп жатқандай болады. Бұл күндері сексен жасты алқымдап жүрген біздің қатарларымыз, пайғамбар жасынан асып, ізімізді басып, өкшелеп келе жатқандар қалай айтсақ та заманында оқып, оқығанды көңілге тоқуға тырысып өстік. Ол кездерде мектепте білім алу жолында жүргендеқазақ тілі мен әдебиет пәнінен сабақ беретін ұстаздарымыз кітап оқуды көкейімізге құйып, насихаттап, бос уақыттарда оқуды талап ететін, мазмұндарын сұрап, тексеретін. Сондықтан біз бозбала кезімізден кітап оқуды үйрендік, кейін дәстүрге айналдырдық. Ондағы жағымды кейіпкерлерден үлгі алып, жағымсыз кейіпкерлерден жиіркеніп өстік. Ата-анамыздың әлпештеп өсірген тәрбиесінен нәр алдық, асқар таудай табынатын әкеміз әріпті санап, басын қосып, ежелеп оқитындай ғана сауаты болғанына қарамастан, ежелден айтылып келе жатқан ертегі, эпостық жырлар, шешендік өсиет сөздерді көп білетін, отырған ортасында осындай қабілет-қасиетімен бәрін таңқалдыратын. Ағайын-туыс ағаларымыз «Айекең, біздің бұлбұлымыз ғой» дейтін.
Отбасын қара күшімен қолда бары – есегі мен арбасы, күрек, кетпен, айыр, тырма, орақ сияқты құрал-саймандарымен асырап-өсірген әкеміз «Әлі ер жетіп, адам боласыңдар, сонда қатарларыңнан қалмаңдар, жұмыс істеңдер, еңбекпен тапқан нан тәтті. Қолдарыңнан келгенше адам баласына қиянат жасаудан аулақ болыңдар. Жалған сөзге, өтірік-өсекке әуес болмаңдар. «Өтіріктің арты бір-ақ тұтам» деген, қадірлерің кетеді. «Жақсы жүрісінен – пұл болады, жаман жүрісінен – құл болады» деген дейтін әрдайым.
Осылайша есейіп, еңбек етіп, қатарға қосыла бастағанда үлкендерден үлгі алдық. Ел сыйлайтын қамқоршыл жақсы адамдар бағымызға кездесіп, өмір мектебінен өттік.
Десек те, «Әке - балаға сыншы» дегендей, жастайымыздан жадымызда қалған осы бір өсиет сөздер бізді барынша тазалыққа, мүмкіндігінше адал қызмет жасауға үйретті.
Осының бәрі бүгінгідей алмағайып заманға тап болғанда терең ойға батырады. Япырай, үлкендерін сыйлап, алдынан кесе өтпей, төрімізден орын ұсынып, ақыл-кеңесін тыңдап, айналайындағандарымен рухтанып өспеп пе едік. Бүгінгі біздер солардың жолын ұстай алар ма екенбіз, үлгілі істерімізбен із қалдыру қолымыздан келсе болар еді дегендей ойға шомасың.
Мың өліп, мың тірілген ата-бабаларымыздың тарихы, «аштық не жегізбейді, тоқтық не дегізбейді» деп өткен күңіреністері көз алдыңа елестегендей болады. Толқисың, торығасың, аяғында елдің тыныштығын тілеп, тәубаға келесің. Ақырында өз қатарларыңды іздеп, ой бөлісіп, уақыт өткізесің.
Солардың бірі Қаршыға Жұмабайұлы. Кезінде мектепте бірге оқығанбыз. Бізден ертерек есейді ме білмеймін, ұзамай Қазалы қаласындағы ауылшаруашылық мамандарын дайындайтын техникумды бітіріп, еңбекке араласып кетті. Бірақ, аудан көлемінде қатар қызмет жасадық.
Жұмабайұлы Қаршыға 1945 жылдың 10мамырында дүниеге келген.
- Менің туып-өскен жерім Қарашеңгел ауылдық Кеңесі, «Қызылту» колхозы, қазіргі Жалаңтөс батыр атындағы ауыл ғой, - дейді ол әңгіме арасында. – Ол жылдарда колхоз басқармасының төрағасы КСРО Жоғарғы Кеңесінің үш шақырылым бойы депутаты болған Қашақбай Пірімов. Ұлы Отан соғысы кезінде «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталғанәкем Қожбанов Жұмабай, анам Ақбала колхоздың егінін екті, малын бақты.
Қаршыға ауылдағы жеті жылдық мектепті бітірген соң, Қазалы қаласындағы интернатта жатып, Ғани Мұратбаев атындағы мектепте сегізінші сыныпты бітірген соң, Қазалы қаласындағы ауыл шаруашылығы техникумына түсіп, 1964 жылы есепші-жоспарлаушы мамандығын алған. 1965 жылы аудандық комсомол комитетінің жолдамасымен КПСС ХХІІ съезі атындағы совхозға барып, бөлімше есепшісі болып еңбек жолын бастаған ол 1970 жылға дейін қазіргі Ақтан батыр атындағы ауылда мамандығы бойынша еңбек еткен.
Қаршыға1967 жылы Айторымен бас қосып, Қазына атты қызы осы ауылда дүниеге келді. Әкесінің інісі Жұмамұраттың кемпірі қайтыс болып, төрт баламен қалғанда 1968 жылы қасына көшіріп алып, қамқоршы бола білді. Ол көрсетілген сенімге сай абыройлы еңбек етті.
Ал, 1971 жылы аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бұйрығымен Қаршыға сол кездегі Қазақстанның 40 жылдығы атындағы совхозға барып, бас есепшінің орынбасары болып қызметке кіріседі.
- Әкем 1966 жылы қатты ауырып жатып, сенің үй болған қызығыңды шешең көреді, - деп айтқанын еске алады Қаршыға. – Саған айтарым, Жиделі ауылына жұмысқа жіберсе бар. Ол ең іргелі, бабалар өмірге келген жер. Өсіп, өнесің, -деген еді. Әкем сол жылы өмірден қайтты.
Шынында да, әруақыт әулиелер, батыр бабалар туған жер Қаршыға үшін де құтты болды. Ол уақыттары мемлекет мүлкін көздің қарашығындай сақтау, қоғам үшін қажет болса уақытпен санаспай, мінсіз қызмет жасау керек. Осы талаптарға сай Қаршыға ел көңілінен шыға білді. Қазіргі Жанқожа батыр атындағы ауылда 13 жыл бойы бас есепші қызметін атқарды. Ол 1975-1980 жылдары Алматыдағы ауыл шаруашылығы мамандарын дайындайтын институтында сырттай оқып, жоғары білім алды.
- Ел таныдық, өстік, өндік, үлкендердің алғысына бөленіп, батасын алдық. Талапшылдығы, іскерлігі, ұйымдастырушылығымен Жанқожа батыр атындағы шаруашылықтың жұмысын өрге бастырып, атағын шығара білген Жалғасбаев Шынтастың тәрбиесін көрдік. Жақсы азаматтармен сыйластық, - деп еске алады Қаршыға әңгіме арасында. – Жұбайым Айторы мектепте мамандығына сай – математика пәнінен сабақ берді. Бастауыш партия ұйымының хатшысы болып, ауылдық Кеңестің депутаттығына сайланып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. Дүниеге келген ұл-қыздарымыз жақсы тәрбие, білім алды, өсіп, өркен жайдық. Бір сөзбен айтқанда, осы ауылдың бір баласындай болып кеттік.
Қаршыға Жұмабаев Қазалы аудандық ауылшаруашылығы басқармасының бұйрығымен барып, 1988-1995 жылдары Қашақбай Пірімов атындағы совхозда қызмет атқарған, отбасы жағдайына байланысты Оңтүстік Қазақстан облысына қоныс аударғаннан кейін де Түлкібас ауданында 1996-2003 жылдары бас есепші болып жұмыс істеген. Өмір бойы бір ғана ауылшаруашылығы саласында абыройлы қызмет еткені, ел-халқының арасында қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, үнемі құрметке бөленіп жүрген ол әруақ қонған Жанқожа батырдың туғанына 240, 250 жыл, Ақайұлы Ақтан батырдың туғанына 255 жыл толуына, Қазалы ауданының құрылғанының 95 жылдығына мерекелік және ауыл шаруашылығы қызметкерлері салалық кәсіподағының «Елеулі еңбегі үшін» және «Құрмет белгісі» төсбелгілерінің иесі.
Ал, осыдан кейін балалары жоғары оқу орындарын бітіріп, Астанаға қызметке орналасқаннан кейін Ақмола облысының «Қосшы» ауылына көшіп келіп, жеке тұрғын үй салып алған.
Бірде Қаршыға досым Астанадан телефон шалды. Аман-саулықтан соң бір өтінішін айтты.
- Жанқожа батыр ауылында тұратын еңбек ардагері, қарапайым, аққөңіл Кемал Ордабаев деген азаматты сыйлаушы едім. Оның арасында мерзімді баспасөз беттерінде шыққан өлеңдерін оқып, риза болатынмын.
Біз ауылдан көшкеннен кейін екі баласының қайтыс болғанын есітіп, торығып жүргенінде бірге аяныш білдірдік. Жақсы сөзімді айтып жұбатқан болдым, 2010 жылы Қазалыға барғанымда арнайышақырып алып, екі күн бірге қыдырып, көңілін көтерген болдым. Сол бас қосуда көп өлеңдерін жатқа айтып, бізді достарымызбен бірге таңқалдырған еді. Қоштасарда:
- Қаршыға, менің бірталай жазған өлеңдерім бар, не істесем болады? Архивке өткізсем қабылдай ма? – деп сұрады. Мен:
- Онда ешкім оқымайды ғой. Қолдан келсе жинақтап, кітап етіп шығарсақ, кейінгі ұрпаққа керек дүние болар еді, - дедім.
Кемал қуанып:
- Өлеңдерімнің көбісі жұмыста жүріп жазылған, қағаздарымды жинақтап, ретке келтіріп, саған жіберейін, - деген еді.
Кемал досым ерледі. Бабалар арманын жырына арқау етті. Кейінгі ұрпаққа із қалдырды. Енді соны сенен үлкен өтініш газеттің редакторысың ғой, өлеңдерін бір қарап берсең. Жеке кітап етіп шығаруға талаптанып жатырмыз. Ойласа келе кітапқа елге, ауылға белгілі аға-апалардың, іні-қарындастардың суреттерін салғанды, ауылдың тарихы, шаруашылықтың өмірі жайлы мәліметтерді қосып, сонымен қатар альбом жасап, кейінгі жастар үшін Мәдениет үйіне қоймақпыз дегенді айтты.
Мен қолымнан келгенше айтқанын орындап бергенмін. Сонымен бірге, өзінің мамандығы есеп қызметкері бола тұра туған елдің қамы үшін жанашырлық көрсетіп, сыртта жүрсе де тәуекелге барып жүргеніне таңданғанмын. Өйткені, бұл оп-оңай шаруа емес еді.
Көп ұзамай Кемал Ордабаевтың «Армысың, ата мекенім!» атты 375 беттік, бұған қосымша ішінде Жанқожа батыр атындағы ауылдың кіреберісіндегі эмблемасынан бастап, сексен беттік фотосуреттер берілген кітабы қолымызға тиіп, аудан орталығынан ауылға барып, тарихи кітаптың авторы Кемал Ордабаевпен арнайы кездесу өткізіп, тұсаукесерін жасағанымыз бар.
Кітаптағы кезінде бес колхоз біріккеннен бергі өндіріске басшылық жасаған азаматтардың елге жасаған қызметтерін бүгінгі ұрпақ мақтанышпен айтып отырады. 1941-1945 жылдары колхоз, ауылдық Кеңесті басқарып, халыққа қамқорлық жасағандардың, киіз үй, арба, шана, ер-тоқым соғудың, зергерлік бұйымдар жасаудың шеберлері, 1932-1962 жылдар аралығында трактор айдап, бес колхоздың жерін жыртқан, егінін жинағандардың есімдері, темірден түйін түйген ұсталардың, басқа да қолөнер шеберлерінің есімдері аталған. Ленинградта оқып келген су жүйесінің білгір маманы, мұрап болған Тоғысұлы Нұржанның ауылмен қатар Қазалы ауданының су жүретін каналдарын қаздырғандығы мақтанышпен аталған. Колхоз, совхоздардың тіршілігін көрмеген жастар үшін 1986 жылғы шаруашылық, қоғамдық ұйымдардың басшылары, фермалардың басқарушылары, бүкіл мал мамандарының аты-жөндері, қол жеткізген көрсеткіштері, бәрі-бәрі қамтылған. Бір сөзбен айтқанда, бұл кітапты мектеп оқулық ретінде қосымша сабақтарда пайдалануға болады.

Біз осыдан жеті жыл бұрын отбасымызбен Астана қаласына қоныс аударып келгенде Қаршыға да 2010 жылдан бері Астанада тұрады екен. Туа бітті сабырлы мінезі. Сағыныса қауышып, сыйластықпен қатысып кеттік. Бес уақыт намазын қаза қылмай, Жұма намаздан қалмайтын болыпты. Қарапайымдылығымен қазалылықтардың құрметіне бөленген, ақылшы-кеңесшісі, қуаныш, аракідік қайғылы жағдайлар кездесе қалса, түрлі қамқорлықтар жасауда ұйымдастырушысы екен.
Қамқоршыл да қарапайым Қаршығаның басшылығымен қазалылықтар 2017 жылдан бері Астанада жыл сайын Наурыз мерекесінде бас қосып, «Өлінің әруағы риза болмай, тірі байымайды» деген ұстанымды басшылыққа алып, өмір бойы елі мен жерін қорғап өткен Жанқожа Нұрмұхаммедұлы, Ақайұлы Ақтан, тағы басқа батыр бабаларымызға құран бағыштауды, басқа да ұлтымыздың салт-дәстүрлерін дәріптеп, жаңғыртуды дәстүрге айналдырып келеді. Бұған шақырылған елімізге белгілі зиялы қауым өкілдері – мемлекет, қоғам қайраткерлері, көпті көрген көненің көздері – қазыналы қариялар қатысып, баталарын береді. Мұндай шаруалардың бүгінгіжастарға тәрбиелік мәні зор екендігін атап өтуде. Қазалылық жастардың ұйымшылдықпен жасаған бастамаларына риза болғандар қатары көбейе түсіп, соңғы жылдары осындай үлгі аларлық шараларды Аралдықтар мен Қармақшылықтар да жалғастыра бастады.
Әрдайым жақсы істердің басында үлгі көрсетіп, жан-жағына жылу шашып жүретін Қаршыға Астана қаласының іргесіндегі атақты Қабанбай батырдың монумент-зиратының басына ұйымдасқан түрде бір топ жерлестерін бастап барып, тағзым етіп, енді бірде жүздеген шақырым жердегі Мәшһүр Жүсіп бабамыздың жерленгенжерінде отыз шықты отбасы екі күн болып, арнайы мал шалып, құран бағыштап қайтты.
Бұл күндері Қаршыға Жұмабайұлы ұстаздықтан зейнеткерлікке шыққан жұбайы, Батыр Ана Айторымен бірге сегіз бала тәрбиелеп, өсірді. Қазір өсіп, өнген бес қыз, үш ұлының ортасында бірнеше немерелері мен шөберелерін сүйіп, марқайып отыр. Ата-аналарын алақандарына салып, құрметтеуді мақсат еткен ұл-қыздары, келіндерінің жасаған үлгі аларлық қызметтеріне риза олар жасара түскендей.
Ұрпақтары ата-ананы құрметтеудің үлгісін көрсетіп, арнайы тағылым аларлық ұлттық нақышта той өткізіп, қызметтерін жасап, дүйім жұрттың баталарын алды.Енді бірде тәрбиелеп, өсірген ұрпақтары қолдап, бірі бірге алып барғандығының арқасында Айторымен бірге мұсылмандардың қасиет қонған жері Меккеге барып, Қаршыға Жұмабайұлы қажы атанып келді. Денсаулығыңыздың барында қыдырыңыздар, жер көріңіздер дегенмен Қаршыға жуырда шетелдегі Египетті көріп, қызықтап қайтты.
Сонымен бірге қазыналы қария Қаршыға Жұмабайұлы туған жерден қол үзген емес. Туыстар, құда-жекжаттар бар, ортасында болады. Ауданда егемен елдігіміздің арқасында өткізіліп жатқан игілікті істердің құрметті қонағы болуға шақырады. Бұған да жерлестерін басқарып, ұйымдастырып, абыройлы барып қайтады.
Міне, қазір сексен жастағы қазыналы қариялардың бірі Қаршыға Жұмабайұлының өмірі осылайша әркім қызығарлықтай өтіп жатыр. Ұзақ ғұмыр бергей.

Шамша АЙТУҒАНОВ,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Қазалы ауданының Құрметті азаматы.
Астана қаласы.