ЗАМАНУИ ҚАЗАҚ ТІЛІ: ОЗЫҚ ҮДЕРІС АЛҒЫШАРТЫ
Мемлекеттік тіл – бүгінгідей өркениет көші өрістеген тұста қандай елдің де саясатының ажырамас бөлігі болып саналады. Себебі тіл – ұлттық бірегейлік пен бірліктің негізі, халықтың мәдениеті, тарихы, ойлау жүйесі мен ұлттық санасының ең маңызды тасымалдаушы құралы.Егер елде ортақ мемлекеттік тіл болмаса, ел ішінде лингвистикалық сепаратизм қаупі туындайды. Яғни тіл арқылы азаматтар өзара түсінісіп, ортақ құндылықтарға күш жұмылдырады.
Тілді елден, елді тілден ажыратып алуға болмайды. Тарихта мемлекеттік тіл – ұлттық мемлекеттіліктің символы екенін айғақтайтын мысалдар жеткілікті. Мәселен әлем тарихындағы тілді толық «өлі» күйден қайта тірілтіп, күнделікті тірі тілге айналдырған бірегей және ең табысты мысал – Израильдегі ивриттің түлеуі. Бұл үдеріс тілді бірегейліктің негізі ретінде пайдаланған саяси, мәдени және ұлттық жобаға айналды
1928–1930 жылдары Мұстафа Кемал Ататүрік басқарған кезеңде жүргізілген үлкен тілдік революция көпке үлгі.
Бастама Түркияның жаңа, зайырлы, ұлттық мемлекет құрудағы ең маңызды қадамдарының бірі, Мемлекеттік басқарудың тиімді тетігі болды.
Тіл саясаты – жұмсақ күш құралы саналады.
Әйгілі Наполеон Бонапарттың басапсөз туралы сөзі әлі күнге дейін танымалдығын жойған жоқ.
«Маған жүз мың штык қауіп төндірмейді. Бірақ үш дұшпан газет қауіптірек», – деген қолбасшының пікірі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тілдің сол мәдениет пен ықпалды күшейтетін күш екендігін ұғындырады.
Тіл – ұлттық қауіпсіздік құралы. Себебі тілдік бөліну елдің тұтастығына қауіп төндіруі мүмкін.
Қазақстан Республикасының Атазаңында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесі бекітілген және ол ұлттық саясаттың маңызды бөлігі екендігі айқындалған. Тәуелсіздікпен бірге түлеген тіл сяасаты өз аясын жыл сайын кеңітіп келе жатқанымен, кедергілер де жоқ емес.
Мультимедиалық сторителлинг және заманауи медиа құралдарын пайдалана отырып, қазақ тілін үйретудің жаңа моделін көпшілікке ашуға болады.
Уақыт ағымына ілесіп, TikTok, Instagram Reels, YouTube Short-та санаулы секундтық
қысқа видео-сториздер дайындауға болады
Ұзақ форматты подкастардың көірілімн де қысқа дәйектер арқылы тарту мүмкіндігі бар.
Қазақ тілін үйренуге арналған AR-фильтрлер және AI-чатботтарды жүзеге асыруға болады
Қазақстанда қазақ тілінде іс жүргізу үлесі динамикасы сарапталғанда, Мемлекеттік органдардағы тілдік аудиторлықтар нәтижелері, жастар арасындағы тілдік компетенция, өңірлік салыстырулар арқылы кедергілерді анықтау – уақыт талабы.
Өкініштісі, жастар арасында қазақша сөйлеуден бас тарту синдромы, стигма, «тіл жеткіліксіз» деген бағалауды ұғындырады.
«Мемлекетік тілдірі өрестеуде кедергілер жоқ емес. Мысалы мемлекеттік органдарда құжат айналымының әлі де орыс тілінде басымдығы, аударма сапасының төмендігі, қызметкерлердің мотивациясының жетіспеушілігі, техникалық жүйелердің қазақ тілін толық қолдамауы – біздің қиындығымыз. Оған маңыз беріп, сандық ортада қазақ тіліндегі сапалы контенттің аздығы, алгоритмдердің басым тілдерді ілгерілетуіне жол бермеуіміз керек», – дейді тіл жанашыры Нұрмұхаммед Кемелбек.
«Шешімдер қашан да бар. Мемлекетте цифрлық сауаттылыққа басым беріліп отырған шақта, қысқа мерзімді Grok, ChatGPT сынды AI-ассистенттердің қазақша нұсқалары белсенді пайдалану, мемлекеттік қызметшілерге тілдік коучинг қолданысын енгізук қажет деген ойдамын», – дейді шетелде білім алып жатқан Самат Иеберген.
Бірнеше тілді еркін меңгерген студенттің айтуынша, барлық мемлекеттік порталдар мен қосымшаларды толық қазақ тілінде іске қосу қажет.
Сондай-ақ тілді жақсы меңгерген ел азаматтарына карьера, гранттар, қоғамдық мойындау жеңілдіктер ұыснып ынталандыруға болады
Тіл саясаты – мемлекеттің ұлттық бірегейлікті сақтау, азшылықтардың құқықтарын қорғау және қоғамдық интеграцияны қамтамасыз ету үшін маңызды құрал. Канада, Ирландия және Израиль — тілдік саясаттың әртүрлі үлгілерін көрсететін елдер. Олардың тәжірибесі тілдің ресми мәртебесін, жаңғырту әрекеттерін және көптілділікті басқарудың қиындықтарын көрсетеді.
Канадада ағылшын және француз тілдері Конституциялық Хартия бойынша ресми тілдер болып табылады. Мұнда Үкімет екі тілді білім беру бағдарламаларын қолдайды.
Теңдік пен прагматизм үлгісі Канаданың моделі федералдық бірлікті сақтауға көмектескен.
Мысалдар тіл саясатының саяси және мәдени мақсаттарға тәуелділігін көрсетеді.
Бүгінгі таңда елімізде қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде дамытуды басым бағыты.
«Еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасай береміз. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін», – деген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев орыс тілін ұлтаралық қатынас тілі ретінде сақталуы – тіл мәселесін саясиландырмауды және этносаралық келісімді сақтауға бағытталған қадам екендігін айтуды
Ұстаным қазақ тілінің мәртебесін төмендету емес, керісінше көп тілді білу арқылы білім мен жетістік көкжеиегіне еркін самғауға болатынын ұғындыруда.
Алтын ҚОСБАРМАҚОВА














