Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жексенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Жексенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Фото: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 24 мамырда елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында, төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында күші 15-18 м/с. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда таңертең және күндіз кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Астанада түнде жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 15-18 м/с.

Қызылорда облысында жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел күтіледі, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың таулы аудандарында 1 градус үсік. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт каупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда жоғары өрт каупі күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 1 градус үсік күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде жаңбыр, күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Семейде жаңбыр, күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда түнде жаңбыр, найзағай күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістанда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Ақтауда түнде кей уақыттарда тұман күтіледі.

Қостанай облысының облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Облыстың орталығында, оңтүстігінде, батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.

Павлодар облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел солтүстікке ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодар қ.: 24 мамырда түнде жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел солтүстікке ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының тау бөктеріндегі, таулы аудандарында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
23 мамыр 2026 ж. 30 0

Өнердің өріндегі өмір

23 мамыр 2026 ж. 134

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031