Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үш өңірде үсік жүреді: 21 мамырға арналған ауа райы болжамы

Үш өңірде үсік жүреді: 21 мамырға арналған ауа райы болжамы

21 мамырда бірден еліміздің үш өңірінде үсік жүреді, ал тағы бір аймақта керісінше, күн ысиды.
Фото: pexels.com
"Қазгидромет" РМК мамандары Қазақстан аумағы бойынша алдағы бейсенбі, 2026 жылғы 21 мамырға арналған ауа райының синоптикалық жағдайы мен қауіпті құбылыстарының болжамын жариялады.
Оған сәйкес, бірден еліміздің үш өңірінде үсік жүреді, ал тағы бір аймақта керісінше, күн ысиды:
түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, Солтүстік Қазақстанның батысында, Шығыс Қазақстан облысының шығысында сынап бағаны 1-2 градус суықты көрсетеді деп күтіледі;
Атырау облысында күндіз күн 35 градусқа дейін қатты ысиды.
Қазақстан аумағының басым бөлігі циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстікте, шығыста, орталықта бұршақ түсіп, дауыл тұрады, солтүстікте, оңтүстікте нөсер құяды деп болжанады. Республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылыстарға желдің күшеюі, батыста шаңды дауылдың тұруы, оңтүстік-батыста, солтүстікте тұманның түсуі жатқызылады, – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі.
Ал бірқатар өңірлерде өрт қаупі күтіледі:
өрт қаупі жоғары– Атырау, Ақтөбе, Ұлытау, Батыс Қазақстан облыстарында, Маңғыстау өңірінің солтүстік-шығысында, батысында, Қостанай облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында, Ақмола облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, шығысында, Павлодар өңірінің оңтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Түркістан өңірінің солтүстігінде, оңтүстігінде, Қызылорда облысының батысында, орталығында, Жамбыл облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының орталығында, Жетісу облысының солтүстігінде;
төтенше өрт қаупі – Қызылорда өңірінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Алматы, Жамбыл облыстарының батысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Павлодар облысының батысында, шығысында, Жетісу облысының шығысында, Ұлытау облысының шығысында, орталығында, Абай өңірінің шығысында.
20 мамыр 2026 ж. 24 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031