Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Су үшін төлем жүйесі өзгереді: жаңа талаптар қандай

Су үшін төлем жүйесі өзгереді: жаңа талаптар қандай

Фото: жасанды интеллект
Қазақстанда су есептегіштерге қатысты жаңа өзгерістер енгізіліп жатыр. Енді ел біртіндеп «ақылды» есептегіштерге көшеді. Яғни су көрсеткіштері бұрынғыдай қолмен жазылып, жіберілмейді – бәрі автоматты түрде жүйеге түседі.
Бұл үшін «Smart Turmys» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының бірыңғай жүйесі енгізіліп жатыр. ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, жаңа талаптар бірыңғай техникалық стандарт қалыптастыруға бағытталған.
Жобаның негізгі мақсаттарының бірі – су есебін толық цифрландыру. Осыған байланысты деректерді автоматты түрде қашықтан жинау жүйесіне көшу және ТКШ-ның бірыңғай цифрлық платформасын құру көзделген, – деп хабарлады ведомство.
Жаңа есептегіштер деректерді NB-IoT және LoRaWAN технологиялары арқылы жібереді. Бұл жүйелер ұялы байланыс желісі негізінде жұмыс істеп, ақпараттың тұрақты әрі қауіпсіз жеткізілуін қамтамасыз етеді.

Жаңа талаптар қандай?

Жаңартылған қағидаларға сәйкес, енді орнатылатын барлық есептегіш құралдар деректерді автоматты түрде ақпараттық-өлшеу жүйесіне және энергия тұтынуды есепке алу жүйесіне жолдауы тиіс. Құрылғыларда деректерді қорғау жүйесі, байланыс арналарының резерві және цифрлық платформамен екіжақты байланыс мүмкіндігі қарастырылады.
Сонымен қатар жаңа есептегіштер автоматты жабу клапандарымен жабдықталады. Бұл су беруді қашықтан реттеуге мүмкіндік береді. Алайда бұл функция тек заң аясында және уәкілетті қызметкерлер арқылы ғана қолданылады. Министрлік мәліметінше, су жеткізуші ұйымдар жүйедегі деректерге қосымша ақысыз қол жеткізіп, оны толық пайдалана алады.

Ескі есептегішті ауыстыру керек пе?

Мамандардың айтуынша, қолданыстағы есептегіштерді міндетті түрде ауыстыру талап етілмейді. Егер құрылғы дұрыс жұмыс істеп тұрса, оны пайдалану мерзімі аяқталғанша қолдана беруге болады.
Азаматтардан жұмыс істеп тұрған есептегіш құралдарды міндетті түрде ауыстыру талап етілмейді. Бұрын орнатылған құралдар олардың қызмет ету мерзімі аяқталғанға дейін қолданылады, – деп түсіндірді министрлік.
Жаңа талаптар тек жаңа есептегіш алғаш орнатылғанда немесе істен шыққан құралды ауыстыру кезінде ғана қолданылады. Сондай-ақ өндірушілер мұндай құрылғыларға кемінде бес жыл кепілдік беруге міндетті.

17 сәуір 2026 ж. 133 0

Үш облыста жол ашылды

17 сәуір 2026 ж. 144

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930