Азат Перуашев:реформа Қазақстан Конституциясының дәйекті эволюциясын жалғастыруда
Партиялық тізімдер бойынша депутаттарды сайлауға көшу парламентаризмнің халықаралық тәжірибесін көрсетеді – «Ақжол» партиясының көшбасшысыАзат Перуашев: Конституциялық реформа – бұл бүкілсаясижүйенітереңқайта жаңғырту
Пропорционалды жүйе бойынша сайланатын бір палаталы Парламентке көшу Қазақстанның саяси жүйесін дамытудыңқисындыжалғасы болып табылады. Бұл туралы Мәжілісдепутаты Азат Перуашев Конституциялықреформа жөніндегі комиссияның үшінші отырысында мәлімдеді.
Ол өзінің саяси процестерге қатысу тәжірибесі негізінде«Ақжол» демократиялық партиясы Мемлекет Басшысының бір палаталы Парламентке көшу жөніндегі бастамасын анық қолдау білдіргенін еске салды.
Азат Перуашевтың айтуынша, екі палаталы Парламент – бұл федералдық мемлекеттік құрылым институты,онда Сенаттың міндеті–федерация субъектілерінің заңнамасын ұсыну жәнеүйлестіру.
«Қазақстан бірыңғай заңдарыме нережелері барунитарлық мемлекет болып табылады. Біз Шемонаихадан Форт-Шевченкоға дейін, Бескөлден Шардараға дейінгі әртүрлі аймақтардағы адамдардың өмір сүру сапасымен мемлекеттік қызметтерге бірдей кепілдік беріліп, қорғалуына ұмтыламыз. Бұл тұрғыда өңірлер мен олардың тұрғындарының мүдделері тең дәрежеде сақталуытиіс», - деді Азат Перуашев.
Ол Мемлекет басшысы бұл бағытта 2022 жылы қадам жасағанын айтты: сол кезде заңдардың қабылдануы Мәжіліс құқығына жатқызылды, ал Сенатқа заң жобаларын мақұлдау немесе оларға ұсыныстар енгізу функциясы берілді.
«Сондықтан Қасым-Жомарт КемелұлыТоқаевтың қазіргібастамасы Конституцияны дәйекті эволюциясының логикасын көрсетеді. Сонымен қатар бұл біздің саяси жүйеміздің және оның институттарының жетілуін жеделдетеді», – деп атап өтті Азат Перуашев.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда бір палаталы Парламенттің мемлекеттік билік жүйесіндегі өкілеттігін күшейту бойынша оңтайлы шешімдер әзірленді.
Сонымен қатар, Конституцияда оның мәртебесін бекіте отырып, Халық Кеңесі жоғары консультациялықорганынқұрутуралыбастама түрлі этностар өкілдерінің билік жүйесіне қатысуын 8 есе кеңейтеді, өңірлердің мүдделерін білдіруді бекітеді және азаматтық қоғам көшбасшыларының саяси жүйеге тартылуын қамтамасыз етеді.
Партиялық тізімдер бойынша Парламент депутаттарын сайлауға көшу бөлігінде бұл ұстаным парламентаризмнің жинақталған халықаралық тәжірибесін көрсететінін атап өтті АзатПеруашев.
Оның пікірінше,пропорционалды жүйе сайланбалы органдарда қоғам мүдделерінің кең өкілдігін қамтамасыз етеді, мықты партиялардың өсуіне ықпал етеді және саяси практикадағы еуропалық трендтерге сәйкес келеді.
«Іске асырылып жатқан конституциялық реформа–бұл халықаралық тәжірибеге және парламенттік оппозицияның көп жылдық тәжірибесіне сүйенетінбүкілконституциялықжүйеніңшын мәнінде тереңқайта жаңғыруы», – деп атап өтті Азат Перуашев.











