Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 8 қазан күні ауа райы қандай болады

Қазақстанда 8 қазан күні ауа райы қандай болады

Синоптиктер болжамы жарияланды
Қазақстанда 8 қазан күні ауа райы қандай болады
Фото:
istockphoto.com
«Қазгидромет» РМК 8 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Елдің солтүстік және орталық өңірлерінде күн ашық, жауын-шашынсыз болады. Петропавл, Қостанай жәнеКөкшетау, Астана қалаларында ауа температурасы күндіз +10…+16°С, түнде 0…-2°С шамасында. Қарағанды мен Павлодарда да жауын-шашын күтілмейді, кей жерлерде түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
Шығыс пен орталық өңірлерде күн бұлтты болғанымен, жауын-шашынсыз өтеді. Өскемен мен Семейде түнде -5°С дейін суытады, күндіз +3…+7°С жылы. Жезқазған мен Қарағандыда ауа температурасы +12…+14°С дейін көтеріледі.
Батыс және оңтүстік өңірлерде жылы әрі жайлы ауа райы күтіледі. Орал мен Атырауда +20…+22°С, Ақтөбе мен Ақтауда +18…+25°С аралығында болады. Күн ашық, жауын-шашын жоқ. Қызылорда облысында күндіз шаңды дауыл соғып, жел күшеюі мүмкін.
Алматы, Талдықорған, Қонаев және Тараз қалаларында да жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Күндіз +14…+17°С, түнде -3…+3°С. Ең жылы ауа райы Шымкент пен Түркістанда – +23…+25°С шамасында.



08 қазан 2025 ж. 271 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 2

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031