Бүгін тек бір қалада ауа сапасы төмендейді
«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
Фото: Pixabay.com

— 2025 жылғы 30 қыркүйекте қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Ақтөбе қаласында күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бұған дейін еліміздегі энергетика саласының алпауыттары экологияға бей-жай қарайтыны туралы жазған едік.