Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанға қанша этникалық қазақ оралды?

Қазақстанға қанша этникалық қазақ оралды?

Қазақстанға қанша этникалық қазақ оралды?
Фото:depositphotos.com
2025 жылы 9 586 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 157,6 мың этникалық қазақ оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.
Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың:

45,7 пайызы - Өзбекстаннан,
41,8 пайызы – Қытайдан,
4,6 пайызы – Түрікменстаннан,
2,7 пайызы – Монғолиядан,
2,6 пайызы – Ресейден
2,6 пайызы басқа елдерден.
1 қыркүйектегі жағдай бойынша, еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 58,7 пайыз, еңбекке қабілетті жастан кіші 32,3 пайыз және зейнеткерлер 9 пайыз болады.
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 15,4 пайызы жоғары білімді, 29,7 пайызы орта кәсіби білімді, 52,3 пайызы жалпы орта білімді, және 2,6 пайызының білім жоқ.
"Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс,Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.
Қоныстандыру өңірлерінде 2025 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 2 309 адам болады. 2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 1 467 қандас қоныс аударды", - делінген хабарламада.
Жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады:
бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (275,2 мың теңге) мөлшерінде;
тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге – бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (58,9-ден 117,9 мың теңгеге дейін) мөлшерінде.
Жыл басынан бері 594 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетілген. Атап айтқанда, 237 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Тұрғын үй сатып алу, салу үшін немесе ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін экономикалық ұтқырлық сертификаты тұрғын үй құнының 50 пайызы немесе бір отбасына 4,56 миллион теңгеге дейін мөлшерінде біржолғы өтеусіз және қайтарымсыз негізде енгізілді.


29 қыркүйек 2025 ж. 149 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 39

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 127

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031