Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент: Жаппай цифрландыру – Қазақстанның ұлттық стратегиясы

Президент: Жаппай цифрландыру – Қазақстанның ұлттық стратегиясы

Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында сөз сөйледі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Президент жаппай цифрландыру мен жасанды интеллект технологиясын енгізу арқылы экономиканы жан-жақты жаңғырту жуырдағы жолдауының өзегі болғанын еске салды.
Президенттің айтуынша, цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектті кеңінен енгізу – Қазақстанның болашақтағы өміршеңдігіне тікелей байланысты.
Бұл міндет ғылым саласына, әсіресе, атом секілді инновациялық бағытқа тікелей қатысты. Цифрлық шешімдер ядролық нысандардың қолданыс циклін ұтымды басқаруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ шығынды азайтып, барлық процестің тиімділігі мен қауіпсіздігін арттырады. Жасанды интеллект аталған мүмкіндіктерді бірнеше есе күшейтеді, – деді президент.
Оның айтуынша, қазіргі әлем жаңа технологиялық қалыпқа сәйкес түбегейлі экономикалық өзгерістер кезеңін бастан кешуде.
Қазіргі дамыған әлем жаңа технологиялық қалыпқа сәйкес түбегейлі экономикалық өзгерістер мен жаңғыру дәуіріне аяқ басты. Дәл осындай тарихи бетбұрыс кезеңінде көптеген ел өз мүмкіндіктерін жұмылдырып, дамуда зор серпіліс жасады, ғылыми-технологиялық жарыста алға озды. Оған тарихи мысалдар жеткілікті, – деді Тоқаев.
Президент Қытайдың XV-XVI ғасырлардағы экономикалық үстемдігін және кейінгі кезеңдегі индустриалдық революциядан тыс қалуының салдарын мысалға келтірді.
XV-XVI ғасырларда Қытай әлемдегі экономикасы ең ірі ел болды, оның әлемдік ішкі жалпы өнімдегі үлесі 60 пайызға жетті. Бұдан кейін Англияда индустриалдық революция орын алып, іштен жанатын қозғалтқыш пайда болды. Қытай бұл өзгерістерден тыс қалды, соның салдарынан «апиын соғысы» деп аталған екі сыртқы агрессияның құрбанына айналды. Жаңа дәуірдегі Қытайдың кейінгі басшылары тарихи қателіктен сабақ алып, ғылымға, жоғары технологияға, жасанды интеллектіге басымдық берді. Оның нәтижесі айдан анық. Қазір Қытай барлық ел санасатын әлемдік державаға айналды, – деді ол.
Мемлекет басшысы Қазақстан үшін де дәл осындай сабақ алатын кезең келгенін атап өтті.
Сондықтан жаппай цифрландыру мен жасанды интеллектіні кеңінен енгізу, шын мәнінде, біздің ұлттық стратегиямыз. Еліміздің болашағы мен оның әлемдегі озық мемлекеттер санатында болуы осы идеяны жүзеге асыруға тікелей байланысты, – деді Тоқаев.
Президент цифрландырудың тек технологиялық емес, әлеуметтік маңызына да тоқталды.
Жаппай цифрландыру азаматтарымыздың тұрмыс сапасын едәуір жақсартып, Қазақстанның орнықты ғылыми-технологиялық прогресіне берік негіз қалайды. Аталған стратегиялық бағыттың дұрыс екеніне сенімім кәміл. Мұндай саясат жастар арасында кеңінен қолдау тауып жатыр. Өскелең ұрпақ заман талабын жақсы түсінеді әрі технологиялық жаңалықтарға ашық, – деді ол.
Сонымен қатар мемлекет басшысы қоғамдағы сын пікірлерге де жауап берді.
Әйтсе де қоғамда бұл мәселеге және күн тәртібіндегі басқа да проблемаларға күмәнмен қарайтындар бар екенін жоққа шығаруға болмайды. Бұл біз үшін қалыпты жағдай. Алайда мұндай ой-пікірлерді де ескеру қажет. Бәзбіреулер үшін мұндай міндеттер нақты іске ұласпай, сөз күйінде қалатындай көрінуі мүмкін. Бірақ Жолдауымда анық айттым: біз үшін, жалпы еліміз үшін басқа жол жоқ, әйтпесе ілгерілеуден, прогрестен, яғни даму көшінен қалып қойсақ, қауқарсыз, әлсіз халық боламыз, сыртқы күштердің кемсітуіне ұшыраймыз, – деді президент.
Мемлекет басшысы сөзін қорытындылай келе, бұл тек бәсекелестік емес, Қазақстанның тәуелсіздігі мен болашағы үшін шешуші мәселе екенін атап өтті.
Бұл – жай бәсеке емес, мәселе – басқада. Түптеп келгенде, бұл – Қазақстанның дербес ел ретінде өміршеңдігі деген сөз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
26 қыркүйек 2025 ж. 214 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930