Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жылу беру маусымы қарсаңында жаңа мүмкіндік

Жылу беру маусымы қарсаңында жаңа мүмкіндік

Жылу беру маусымының қарсаңында әлеуметтік тұрғыдан әлсіз отбасыларға үлкен қолдау көрсетілмек. «QazaqGaz Aimaq» акционерлік қоғамы мен «Әлеуметтік әмиян» сервисі бірлесіп, атаулы әлеуметтік көмек пен тұрғын үй көмегін алушыларға табиғи газды жеңілдікпен пайдалану мүмкіндігін ұсынды. Бұл жаңашылдықты QazaqGaz Aimaq Қызылорда өндірістік филиалы директорының міндетін атқарушы Мұрат Бектібаев пен QazaqGaz Aimaq Қызылорда өндірістік филиалының “Апатты-диспетчерлік қызметінің бастығы Базарбек Ерімбетов хабарлады.
- Бұл тұрғындар үшін ыңғайлы. Себебі смартфон арқылы ваучерді толығымен онлайн алуға және белсенді етуге мүмкіндік береді. Аталмыш шара Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің және «QazaqGazAimaq» компаниясының базаларынан алынған деректерді автоматты түрде назарға ала отырып, азаматтарды қағаз анықтамаларды жинау мен беруден босатады. Күту уақытын қысқарту және қателерді азайту арқылы процедураның ашықтығымен қарапайымдылығын қамтамасыз етеді. 1 шілдеден бастап тырнақалды бастама Қазақстанның барлық аумағына сәтті таралды. «Әлеуметтік әмиян» сервисі арқылы 2,3 мыңғажуық ваучер дербес іске қосылды. Осылайша, «Әлеуметтік әмиян» жеңілдік алупроцесін оңайлатып, оны жылдам, қолжетімді жәнеәр отбасы үшін ыңғайлы етеді. QazaqGaz Aimaq мобильді қосымшасы газдыесептеу құралдарынан деректерді ыңғайлы және жылдам беруге арналған,- деді Мұрат Алпамысұлы.
- «QazaqGaz Aimaq» АҚ ауа-райының өзгеруіне және жылыту маусымының басталуына байланысты улы газбен улану қаупі артқанын ескертеді. Өкінішке орай, статистика бойынша жыл сайын табиғи газды тұтынушылары бұл ескертулерге немқұрайлы қарайтынын көрсетеді. Газ қызметкерлері үшін анықталған нәрсе – орын алған қайғылы жағдайлар, негізінен, газ тұтыну жабдықтарын пайдалану кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан болады. Оған себеп - зардап шеккендердің жылыту құралдарын пайдалануға немқұрайлы қарауы, оларды өз бетінше қосуы, құрастыруы немесе орнын ауыстыруы, қолдан жасалған газ жабдықтарын пайдалануы, тамақ дайындауға арналған газ жабдығымен үй-жайларды жылытуы, техникалық қызмет көрсетуді орындамауы, мұржаның түтін тартуын тексермеуі.Ауа желдетілуі жеткілікті қамтамасыз етілмеген үй-жайда, терезелер, желдету арналары жабық кезде, кірпіш, сылақ тығыздығы бұзылған кезде газ аспаптарын пайдалану нәтижесінде газ түтіні сыртқа шықпай, үй-жайда улы газ жиналады. Улы газдың өте аз мөлшерінің өзі қанмен тез араласады, адам тез уланады. Бөлмеде 0,5% улы газ жиналса болды, осы мөлшердің өзі 20 минуттан кейін адамның жүрегі тоқтайтындай уландырады. Сондықтан мұржа мен желдету арналарының дұрыс жұмыс істеуі - сіздің қауіпсіздігіңіз бен денсаулығыңыздың кепілі,- деді Базарбек Өтебекұлы.
25 қыркүйек 2025 ж. 410 0

Ұрпағы ұлықтаған Самұрат би

31 желтоқсан 2025 ж. 148

Кәсіпкерлікке қолдау кең

31 желтоқсан 2025 ж. 164

Шаттық сыйлаған шырша тойы

31 желтоқсан 2025 ж. 177

Аудан әкімі ауылдарды аралады

31 желтоқсан 2025 ж. 161

Аудан әкімінің құттықтауы

31 желтоқсан 2025 ж. 166

Жылан жылындағы жақсы істер

31 желтоқсан 2025 ж. 139

Жылқы жылынан не күтеміз?

31 желтоқсан 2025 ж. 178

365 күндегі 100-ші басылым

31 желтоқсан 2025 ж. 138

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031