Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шеврон және ҚазМұнайГаз стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Шеврон және ҚазМұнайГаз стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Нью—Йорк, АҚШ, 2025 жылғы 22 қыркүйек – “Шеврон” корпорациясы (NYSE: CVX) өзінің филиалы “Шеврон Мұнайгаз Инк.” (бұдан әрі – “Шеврон”) арқылы және “ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ (бұдан әрі – “ҚМГ”) Қазақстандағы стратегиялық жобаларды дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
 
Келісімге Шеврон Еуразия президенті Дерек Магнесс және ҚМГ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Нью-Йорк қаласында қол қойды.
 
«Бұл келісім ҚМГ мен Шеврон арасындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін», – деді Хасенов. «Жалпы алғанда, компаниялар ұзақ уақыт бойы стратегиялық серіктестер болып келеді. Теңіз, Қарашығанақ және Каспий құбыр консорциумы сияқты бірлескен жобалар Қазақстан ұлттық экономикасының дамуына елеулі үлес қосуда. Біз өндіріс тиімділігін арттыру, заманауи технологияларды енгізу және өнеркәсіптік қауіпсіздіктің озық стандарттарын қолдану бойынша жұмысты жалғастырамыз».
«Бұл келісім ҚазМұнайГазбен серіктестігіміздегі маңызды кезең болып табылады», – деді Магнесс. «Ол жергілікті қамтуды дамыту, технологиялық инновациялар және кадрларды даярлау сияқты маңызды бастамалар аясында ынтымақтастыққа деген ортақ ұмтылысымызды көрсетеді. Бұл бастамалар Қазақстанның энергетикалық болашағын қолдай отырып, ашықтық, адалдық және тұрақты даму қағидаларын сақтауға бағытталған».

Ынтымақтастық туралы келісім аясында Шеврон мен ҚМГ стратегиялық серіктестікке басым бағыттар бойынша назар аударады, оның ішінде жергілікті қамтуды дамыту, технологияларды интеграциялау және кадрлардың біліктілігін арттыру. Бұл Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы энергетикалық ынтымақтастықтың жалғасы болып табылады.

24 қыркүйек 2025 ж. 99 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 115

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031