Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Бұл – ескі тәсіл": Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын реттеу тоқтатылады

"Бұл – ескі тәсіл": Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын реттеу тоқтатылады

Фото: freepik.com
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын реттеу жүйесі біртіндеп жойылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрдің сөзінше, енді азық-түлік атаулы әлеуметтік көмек алатындарға жеңілдікпен беріледі.
"Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларынан бас тарту жоспары бар. Бұл – ескі тәсіл, қазіргі жағдайға сәйкес келмейді. Себебі, біз өндірушілерге қандай баға қою керектігін, қанша үстемеақы қосу керектігін тікелей белгілеп, тізімдер құрамыз. Сондықтан Ақкөл, Көкшетау және Павлодар қалаларында жаңа жүйе азық-түлік ваучерлері пилоттық режимде сынақтан өтіп жатыр. Бұл жүйе атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын азаматтарға арналған. Ваучер арқылы мұқтаж жандар азық-түлікті жеңілдікпен сатып ала алады.
Біз нарықтық құралдар мен механизмдерді қолдануымыз керек. Бұл шын мәнінде тиімдірек модель. Ол негізгі өндірушілерге де, тұтынушыларға да, яғни барлық қатысушыларға тиімді жағдай жасайды”, – деді ол.
Шаққалиев пилоттық жобаны биылдың соңына дейін жалғасатынын жеткізді. Ал 2026 жылы оның таралымы кеңейтіледі екен.


23 қыркүйек 2025 ж. 77 0

Көкем қайта келе ме?

23 қыркүйек 2025 ж. 36

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930