Санақ жұмыстары сараланды

Осыған орай ауданда арнайы мәжіліс отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің міндетін атқарушы Жалғас Сүйеубаев төрағалық етті. Мәжіліске Қызылорда облысы бойынша Статистика департаменті басшысының орынбасары Айбек Жантөреұлы, ауыл шаруашылығы статистикасы бөлімінің бас маманы Ғалымжан Хайруллаұлы арнайы қатысып, аудан мамандарына санақтың екінші кезеңіне қатысты жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жиында белгілі болғандай, 2025 жылдың 1 тамызынан бастап басталған онлайн форматтағы бірінші кезең аясында ауданда тіркелген 1126 ауыл шаруашылығы субъектісінің 1093-і санақтан өткен. Бұл – 97,1% орындалу көрсеткішін құрап отыр. Аталған жұмыстарды 20 қыркүйекке дейін толық аяқтау жоспарланған. Ал 20 қыркүйектен бастап санаудың екінші кезеңі басталмақ.
Мәжіліс барысында сала мамандары тарапынан сұрақтар қойылып, департамент өкілдері барлық сауалдарға заң талаптарына сәйкес жауап берді. Түсіндіру жұмыстары нақты дерек пен дәлелге негізделіп, мамандарға әдістемелік тұрғыда қолдау көрсетілді.
А. ҚУАНТҚАНҚЫЗЫ