Қырғызстан неге Қазақстаннан жанармай сатып алмайтынын түсіндірді

Қырғызстан жанармайды неге Қазақстаннан емес Ресейден сатып алатынының себебін айтты.
Қырғызстанның Бәсекелестікті реттеу агенттігінің директоры Женалы Орозбаев неге жанар-жағармайды Қазақстаннан емес, Ресейден сатып алатыны туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды KYN.KZ Tazabek-ке сілтеме жасап.
Қырғызстанның Бәсекелестікті реттеу агенттігінің директоры Женалы Орозбаев неге жанар-жағармайды Қазақстаннан емес, Ресейден сатып алатыны туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды KYN.KZ Tazabek-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, Ресей жыл сайын Қырғызстанға шамамен 1,2 миллион тонна жанар-жағармай жеткізеді. Елде бағаға қатысты сұрақ туындайды – егер Қырғызстанда АИ-92 маркалы бензиннің литрі 70 сом тұрса, Қазақстанда шамамен 40 сом (247 теңге – еск.) тұрады.
Көпшілікті "Қазақстанда баға төмен болса, неге Қырғызстан жанар-жағармайды Ресейден алады?" деген сауал мазалайды. Орозбаевтың түсіндіруінше, Қазақстанда халыққа жанар-жағармай бюджеттік өтемақылар есебінен төмен бағамен сатылады, ал өзге елдерге экспортталатын баға едәуір жоғары. Бұл Қазақстан заңнамасында белгіленген.
"Егер Қырғызстан жанар-жағармайды импорттау туралы Қазақстанмен келісімшарт жасасса, біздің ел үшін баға Ресейден келетін отыннан қымбатқа түседі. Бұл экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Қазақстаннан жанар-жағармай сатып алуға Қырғызстанға ешкім шектеу қоймайды, бірақ қазір ол экономикалық жағынан қолайлы емес", – деп түсіндірді шенеунік.