Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бала үйде мүлдем естімеуге тиіс 8 тіркес

Бала үйде мүлдем естімеуге тиіс 8 тіркес

Бала үйде мүлдем естімеуге тиіс 8 тіркес
Фото: depositphotos.com
Кейде ата-аналардың "баланы тәрбиелеп жатырмын" деп айтқан сөзі оның психикасына ауыр соққы болуы мүмкін. Психолог Марина Роднованың айтуынша, сөз - баланың тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін ең күшті құрал. Үлкендердің әрбір сөзі балаға "бағдарлама" іспеттес: сенімін, мінез-құлқын, тіпті өмір жолын қалыптастырады, - деп хабарлайды Massaget.kz "Доктор Питерге" сілтеме жасап.

Мысалы, "Сен ақылдысың, бәрі қолыңнан келеді!" деген сөз баланың өзіне сенімін арттырады. Мұндай сеніммен ол оқуда да, өмір сынақтарында да қайсар болып, қателіктен қорықпайды, керісінше оны дамуға мүмкіндік деп қабылдайды.
Ал "Сен үнемі бәрін қиратасың!" деген секілді сөздер баланың бойына сенімсіздік ұялатады, қорқыныш тудырады, өзін төмен бағалауға итермелейді.

Бала естімеуге тиіс 8 сөз тіркесі:
"Қалай сонша ақымақ/селсоқ болуға болады?!" Бала өзін "шын мәнінде ақымақпын" деп қабылдап, дамуға құлшынысын жоғалтады.
"Егер мені ойласаң, бұлай істемес едің!" Бұл - манипуляция. Бала өзін ата-анасының ауруына кінәлі сезінеді, "менің кесірімнен олар ауырып жатыр" деген қорқынышпен өседі.
"Сен мені жақсы көрмейсің! / Міне, енді сені жақсы көремін"
Махаббатпен манипуляция. Бала махаббат шартпен берілетін нәрсе деп ойлайды.
"Қарашы, ананың баласы қандай тәртіпті, ал сен..."
Басқамен салыстыру баланың өзін ешкімге керексіз сезінуіне әкеледі. Ол қызғаншақ, ішінен ызаға толы болып өседі.
"Не керек өзі саған?!" Бұл сөз - баланың қалауын, сезімін елемеу. Ол өз эмоциясына сенбейтін, ойын жеткізе алмайтын адамға айналады.
"Бұлай істесең, сені әжеңе жіберемін / балалар үйіне өткіземін / полиция алып кетеді!" Бұл - "тастап кетемін" деген қауіп. Бала өзін қауіпсіз сезінбейді, қорқынышпен өмір сүреді.
"Жылама! / Ер адамдар жыламайды! / Еркелеме!"
Эмоцияға тыйым салу. Бала сезімін жасырып үйренеді, "жылау - әлсіздік" деп қабылдайды.
"Оқымасаң, өміріңде ештеңеге жетпейсің!" Бұл - болашаққа теріс бағдар. Бала "менің қолымнан ештеңе келмейді" деп сеніп қалады. Нәтижесінде арманы мен жігерін жоғалтады.
21 қыркүйек 2025 ж. 45 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930