Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бала жиі естуі тиіс 5 сөз

Бала жиі естуі тиіс 5 сөз

Көптеген отбасыда бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас шиеленіскен. Бала өз ойын ашық айта алмайды, ата-ана сезімін көрсете алмайды. Нәтижесінде екі жақты қарым-қатынас ресми байланысқа ұқсап қалады. Баланың болашақта ашық, еркін болуы үшін ата-анасынан мына сөздерді жиі естуі керек:

1. Сені жақсы көремін
Ата-ана баласына шектен тыс материалдық жағдай жасап, тым көп еркелетуі мүмкін. Бірақ "махаббат" ешқашан көптік етпейді. Егер балаға жақсы көремін деген сөз жиі айтылса, ол өзінің орны барын, ана мен әкесіне қымбат адам екенін түсінеді. Бала батылырақ, сенімдірек бола түседі. Оның үстіне қателіктен қорықпайтын болады. 

2. Сені мақтан тұтамын
Бала өзінің бағасын білу үшін алдымен қолдау мен өзгенің сөз керек болады. Ата-ана баланың бірінші болып көңілінен шығуға тырысатын адамдарды. Баланың әр іс-қимылы махаббат пен қабылдау алу үшн жасалады. Әрине, мақтанамын деп айтпайтын ата-ана жоқ. Бірақ оның мәні мен шынайылығы өте маңызды.  

3. Менікі дұрыс болмады, кешір
Біздің қоғамда үлкен адамдыкі дұрыс, жасы кішінікі қате деген түсінік бар. Сонымен қатар, баланыкі дұрыс болса да, менмендікке салып, кешірім сұрамайтын кездер болады. Баладан шынайылық пен адалдық күту үшін, ата-ана да сондай болуы тиіс. Қателік болса, кешірім сұрап үйрену керек. Бала да сонда жастайынан кешірімді болуды, қателігін мойындауды үйренеді. 

4. Сені тыңдап отырмын
Баланы тыңдап үйрену керек: ол өзінің ата-анасы үшін қызық адам екенін түсінуі тиіс. Оны тыңдай отырып, ішкі әлемін түсініп, тығыз байланыс орнатуға болады. Тек тыңдап қана қоймай, оның ойындағысын нақты түсіндім бе деген сұрақты да қойып білу керек.

5. Сенің шешімің, сенің жауапкершілігің
Қабылданған шешімнің әрдайым дұрыс боларына ешкім кепілдік бермейді. Баланың шешімі де дәл солай. Егер дұрыс шешім болса, жемісін көресің. Бұрыс болса, жауапқа тартыласың деген ұғымды түсінуі керек.


12 ақпан 2023 ж. 281 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930