Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Алтын допты» жеңімпазға кім табыстайтыны анықталды

«Алтын допты» жеңімпазға кім табыстайтыны анықталды

Фото: ©Pixabay.com
«Барселона», ПСЖ, «Милан» және Бразилия құрамасының бұрынғы жұлдызы Роналдиньо маусымның үздік футболшысына берілетін «Алтын доп» жүлдесін табыстайды. Салтанатты рәсім 22 қыркүйекте Париждегі «Шатле» театрында өтпек, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл жаңалықты COPE журналисі Дани Хиль өзінің Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.
France Football журналы бұл мәртебелі міндетті Роналдиньоға сеніп тапсырып отыр. Себебі осыдан тура 20 жыл бұрын ол «Алтын доптың» иегері атанған еді.
Айта кетейік, тарихта төртінші рет «Алтын доп» марапаты күнтізбелік жылға емес, футбол маусымының қорытындысы бойынша (2024 жылдың 1 тамызынан 2025 жылдың 13 шілдесіне дейін) табысталмақ.
Сонымен қатар, салтанатта ерлерге арналған басты сыйлықтан бөлек, әйелдер арасындағы «Алтын доп», 21 жасқа дейінгі үздік жас ойыншыға берілетін «Копа трофейі», ең үздік қақпашыға арналған Лев Яшин атындағы жүлде, үздік сұрмергенге берілетін Герд Мюллер трофейі және басқа да марапаттар табысталады.


21 қыркүйек 2025 ж. 360 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930