Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Депутат: Күзде бензин қымбаттаса — ол негізсіз

Депутат: Күзде бензин қымбаттаса — ол негізсіз

Енді жұрттың бар үміті — депутаттың айтқаны іске асып, күзде бензин бағасы шын мәнінде тұрақты қалуы.
Фото: PixabayФото: Pixabay

Күзде бензин бағасы өседі деген болжамға Мәжіліс депутаты Ерболат Саурықов қарсы шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, мұндай баға өсіміне ешқандай объективті себеп жоқ.
«Қазақстанда мұнай қоры жеткілікті, зауыттар жұмыс істеп тұр. Сондықтан бензин бағасының көтерілуін ешбір экономикалық негізбен түсіндіру мүмкін емес. Егер күзде баға қымбаттаса, ол қолдан жасалған әрекет болады», – деді депутат.
Бұл мәлімдеме қоғамда қызу пікірталас туғызды. Әр күз сайын жанармай бағасының көтерілуіне үйреніп қалған жүргізушілер билік өкілдерінің уәжіне сенімсіздікпен қарайды.
«Жылда осылай айтады, бірақ нәтиже керісінше болады» деген пікірлер әлеуметтік желілерде қарша борады. Сарапшылар да мәселенің түп-төркіні тек өндірісте емес, нарықты бақылауда отырғандарда екенін айтып отыр. «Бағаны ұстап тұру үшін ашықтық қажет. Монополиялық ойын тоқтамай, халыққа әділетті баға болмайды», – дейді олар.
Енді жұрттың бар үміті — депутаттың айтқаны іске асып, күзде бензин бағасы шын мәнінде тұрақты қалуы. Әйтпесе, халық тағы да қалтасынан қағылады.

19 қыркүйек 2025 ж. 125 0

Қиясы биік қаламгер

19 қыркүйек 2025 ж. 116

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930