Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бизнеске бағыт, қолдауға нақты қадам

Бизнеске бағыт, қолдауға нақты қадам

Бүгінде кәсіпкерлік – ел экономикасының қозғаушы күші. Мемлекет тарапынан бұл саланы дамытуға бағытталған қолдау мен жеңілдіктер жыл сайын артып келеді. Осыған орай, Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесі Қазалы ауданына арнайы іссапармен келіп, кәсіпкерлікті дамытуға қатысты өзекті мәселелерді ортаға салды.
Іссапар аясында кеңес мүшелері алдымен «Рауан» мектепке дейінгі шағын орталығының жұмысымен танысып, одан кейін Әйтеке би кентіндегі мәдениет үйінде өткен кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің көшпелі отырысына қатысты. Басқосуда кәсіпкерлік саласының аясын кеңейту, мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру секілді маңызды мәселелер талқыланды. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Мұрат Әбсұлтанов төрағалық етіп, келген қонақтарды таныстырды.
Көшпелі отырысқа Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздық, «Зияткер», «Инновациялық мектеп-лицей» ЖШС құрылтайшысы, облыстық өңірлік кеңес төрағасының міндетін атқарушы Руслан Дүлдүл, «Қазпошта» АҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры Айзат Ізтілеуова, сондай-ақ «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы микроқаржылық ұйымының өкілдері және өңірлік кеңес мүшелері қатысты.
Басқосуда кәсіпкерлікке көрсетілетін мемлекеттік қолдау тетіктері, қаржыландыру көздері мен бизнесті дамыту мүмкіндіктері кеңінен түсіндірілді. Арнайы келген мамандар кәсіпкерлерге бағытталған бағдарламалар жайында баяндап, ақпараттық қолдаудың маңызын атап өтті.
Жиын барысында сөз алған Пірмұхаммед Айтбайұлы, Руслан Қажденбекұлы және аудан прокуроры Дарын Елтайұлы кәсіпкерліктің даму қарқыны, заңдылықтың сақталуы және мемлекеттік бағдарламалар арқылы бизнеске көрсетілетін қолдау жайын кеңінен тарқатты.
Жиынның келесі кезеңінде қатысушылар кәсіпкерлерге ұсынылатын қаржылай қолдау тетіктерімен танысты. Бұл ретте «Қазпошта» АҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры Айзат Ізтлеуова, «Даму» қорының бағдарламаларды жылжыту жөніндегі бас менеджері Салтанат Абдуллаева, «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының несиелеу бөлімінің бас маманы Нұрила Мұрсал, «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы» МҚҰ ЖШС-нің жетекші маманы Әсел Әмзебаева және «Агарлық несие корпорациясы» АҚ Қызылорда филиалының несиелендіру бөлімінің бас маманы Еркінбек Рахимшаев сөз алып, қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан түрлі қаржыландыру жобалары бойынша кәсіпкерлерге толыққанды ақпарат берді.
Сонымен қатар 2026 жылдан бастап қолданысқа енетін жаңа Салық кодексінің негізгі жаңашылдықтары да кеңінен түсіндірілді. Қазалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің басшысы Елеу Қанатов бұл бағыттағы өзгерістердің мазмұны мен маңызын түсінікті тілмен жеткізіп, салық мәдениетін арттыруға қатысты мәселелерге тоқталды.
Жиын соңында қатысушылар өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, мамандар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Көшпелі кеңесті қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Мұрат Байғабылұлы алдағы уақытта мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қолдау алуға ниетті кәсіпкерлерге барлық сүйемелдеу жұмыстары жүргізілетінін атап өтті.
Сапар соңында өңірлік кеңес мүшелері жергілікті «Bauyrzhan plast» кәсіпкерлік нысанына барып, онда ұйымдастырылған ресми көрмені тамашалады. Кәсіпкерлердің бастамаларын қолдау мен бизнес ортаға жан-жақты жағдай жасау бағытындағы шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатыны айтылды. Осылайша бір күндік іссапар мазмұнды әрі нәтижелі кездесулермен қорытындыланды.
Арайлым ЖҮСІПОВА
20 қыркүйек 2025 ж. 27 0

Қырмандағы қызу еңбек

20 қыркүйек 2025 ж. 21

Никабты шешуге не негіз?

20 қыркүйек 2025 ж. 32

Қайран, қарт, қорғаның кім?

20 қыркүйек 2025 ж. 28

Мейірім аңсаған ақсақал

20 қыркүйек 2025 ж. 22

Қиясы биік қаламгер

19 қыркүйек 2025 ж. 159

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930