Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді жеке куәлік пен паспорт берерде саусақ ізі алынады

Енді жеке куәлік пен паспорт берерде саусақ ізі алынады

Саусақ іздері азаматтардың құжаттарына орналастырылады.
Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке куәлік, паспорт, шетелдіктің Қазақстанда тұруына рұқсат ететін ықтиярхатын беру кезінде оның иесінен саусақ іздері алынатын болады.
«Жадының сыйымдылығы кемінде 64 Кб болатын микросхемада Қазақстан Республикасы азаматының, оның ішінде адамның азаматтығы мен заңды мекенжайы, фотосуреті мен қолы, 16 жасқа толған және «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы ҚР Заңында белгіленген жағдайлар бойынша 12 жастан асқан құжат иесінің саусақ іздері туралы графикалық және мәтіндік ақпарат қорғалған түрде сақталады», – делінген Ашық НҚА-да жарияланған Ішкі істер министрінің бұйырық жобасында.
Сондай-ақ құжатта жазылғандай, саусақ іздері азаматтардың жеке куәлігінде, шетелдіктің Қазақстанда тұруына рұқсат ететін ықтиярхатында, азаматтығы жоқ адамның куәлігіне де орналастырылады.
«Бұл – «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы ҚР Заңына сәйкес, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап саусақ ізін тіркеу талабының күшіне енуіне байланысты», – деп түсіндірме берілген бұйрық жобасына.
Құжат 20 шілдеге дейін көпшілік талқылауда болады.
05 шілде 2023 ж. 393 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031