Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Несие алдың – жәрдемақысыз қалдың: Министр жаңа құжатты түсіндірді

Несие алдың – жәрдемақысыз қалдың: Министр жаңа құжатты түсіндірді

Фото:depositphotos.com
Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Мәжілісте өткен брифингте несиесі бар отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) беру тәртібіне қатысты бастаманы түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Министрдің айтуынша, құжат "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылауға шығарылған. Онда несие алған отбасыларға АӘК төлеу шарттары қайта қарастырылуы мүмкін екені айтылған.

Несиесі барларға АӘК беріле ме?
Жақыпова жобаның негізгі логикасын түсіндірді: атаулы әлеуметтік көмек қарызды жабу үшін арналмаған. Сондықтан есептеу кезінде отбасының несиеге жұмсайтын шығыны ескерілмек.

"Мәселен, үш адамнан тұратын отбасы 3 миллион теңге несие рәсімдеді делік. Ай сайынғы төлем әрқайсына 300 мың теңгеден келеді. Бұл табыс кедейлік шегінен жоғары болғандықтан, оларға АӘК тағайындалмайды. Ал егер несие көлемі шағын болса, мысалы 300 мың теңге, есеп керісінше табыстың кедейлік шегінен төмен екенін көрсетеді. Бұл жағдайда АӘК беріледі", – деді министр.

Ол сондай-ақ аталған өзгерістер ипотекалық несиеге қатысты емес екенін атап өтті.

Әзірге жоба ғана
Жақыпованың сөзінше, құжат әзірге заңдық күшке ие емес. Қазір ол тек қоғамды ақпараттандыру және ұсыныстар жинау мақсатында талқылауға ұсынылған.

"Біз фокус-топтарға көпбалалы аналарды, сарапшыларды, экономистерді тартып отырмыз. Бүгінде цифрлық отбасы картасы әр отбасының мінез-құлық факторын көрсетіп, әлеуметтік әділеттілік жүйесіне ықпал етіп отыр", – деді министр.

Кімдерге әсер етеді?
Adam Research сарапшыларының дерегінше, ең әлсіз топ – ауылдағы көпбалалы отбасылар. Көбінің жан басына шаққандағы табысы 50 мың теңгеден төмен, ал 13 пайызы – жұмыссыз. Күнделікті тұрмысқа қажет киім-кешек, ыдыс-аяқ сияқты заттарға несие алатын да – осы отбасылар. Сондықтан жаңа ереже енгізілсе, дәл солардың жағдайына айтарлықтай әсер етуі мүмкін.
11 қыркүйек 2025 ж. 135 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930