Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан тағы бір елмен сотталғандарды алмаcуға келісті

Қазақстан тағы бір елмен сотталғандарды алмаcуға келісті

Қазақстан тағы бір елмен сотталғандарды алмаcуға келістіФото:depositphotos.com
Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Перу арасындағы сотталғандарды беру және қылмыстық істер бойынша ынтымақтастық туралы шартты ратификациялауды мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Шартқа сәйкес, Қазақстан мен Перу сотталғандарды жазасын өтеу үшін өз еліне беретін болады. Сондай-ақ тараптар қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсетуге (ақпарат алмасу және тергеулерге жәрдемдесу) келісті.

"Бұл келісім екі ел арасындағы қылмыспен күрестегі ынтымақтастықтың тиімділігін арттырып, сотталғандарды өз елінде қоғамға қайта бейімдеуге ықпал етеді", – деді депутат Снежана Имашева.

Контекст
Қазақстан мен Перу бұл келісімді 2024 жылдың қазанында жасаған болатын. Бас прокуратура сол кезде заң бұзған кейбір қазақстандықтардың Латын Америкасы елдерінде жасырынуға тырысатынын хабарлаған еді.
Ұқсас келісім Бразилиямен де жасалған. Осындай құжаттарды Аргентина және Доминиканмен де жасасу жоспарланған.
10 қыркүйек 2025 ж. 223 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031