Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтардан шұғыл түрде поштаның құпиясөзін ауыстыру сұралды

Қазақстандықтардан шұғыл түрде поштаның құпиясөзін ауыстыру сұралды

Фото: depositphotos.com
Бас прокуратура әлемдік интернет кеңістігін бақылау барысында Google деректер базасы бұзылғаны анықталғанын мәлімдеді. Мәліметке сүйенсек, бұл жағдай Gmail қолданушыларының деректері тарап кетуіне байланысты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Ұйымдастырушы, яғни ShinyHunters хакерлік тобы 2,5 миллиардқа дейінгі парақшаға қатысты байланыс дерегіне қол жеткізген, бірақ құпиясөздер ұрланбаған.
"Шабуыл әлеуметтік инженерия арқылы жүзеге асқан: алаяқтар Google қызметкерін алдап, IT жабдыққа қол жеткізуге мәжбүрлеген және Salesforce Data Loader қосымшасын заңсыз пайдаланған. Олар Google атынан қоңырау шалып, жалған хабарламалар таратып, қолданушылардан Gmail құпиясөзін қалпына келтіруді талап еткен. Осылайша олар кодтар мен құпиясөздерді иемденген", - деп жазылған хабарламада.
Азаматтарға мынадай кеңес берілді:
Құпиясөзді бірден ауыстыру, әсіресе, қарапайым болса немесе қайталанатын болса.
Екі факторлы аутентификацияны қосу немесе заманауи қорғау тәсілдерін (биометрия, PIN) пайдалану.
Google атынан деп келетін қоңыраулар мен хаттарға сенбеу, он шақты жағдайдың тоғызында бұл алаяқтық болып шығады.
09 қыркүйек 2025 ж. 297 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728