Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Футболдан Қазақстан құрамасы Бельгиядан ойсырай ұтылды

Футболдан Қазақстан құрамасы Бельгиядан ойсырай ұтылды

Фото: KFF.KZ
Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі кезекті ойынын Бельгияға қарсы сырт алаңда өткізіп, ірі есеппен жеңіліп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кездесу Брюссельдегі "Констант Ванденсток" стадионында өтіп, оны румындық төреші Раду Петреску басқарды.
Ойынның алғашқы минуттарында Әлібек Қасым алыстан соққы жасап, қақпашы Тибо Куртуаға қауіпті сәт тудырды. Дегенмен бұдан кейін алаң иелері басымдықты өз қолына алды. 42-минутта Кевин Де Брюйне тамаша соққымен есеп ашса, екі минуттан соң Жереми Доку нәтижені еселеді. Осылайша алғашқы кезеңде таблода 2:0 есебі тіркелді.
Екінші тайм басталғаннан кейін де бельгиялықтардың қарқыны бәсеңдеген жоқ. 52-минутта Николас Раскин үшінші голды соқты. Одан кейін Доку дубль жасап, Де Брюйне тағы бір мәрте көзге түсті. 87-минутта Тома Менье соңғы голдың авторы атанды.
Қорытынды есеп — 6:0, Бельгия жеңіске жетті.
Бельгия — Қазақстан 6:0 (2:0)
Голдар: Де Брюйне, 42 (1:0). Доку, 44 (2:0). Раскин, 52 (3:0). Доку, 60 (4:0). Де Брюйне, 84 (5:0). Менье, 87 (6:0).
Еске салайық, Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 10 қазан күні Астанада Лихтенштейнге қарсы өткізеді.

08 қыркүйек 2025 ж. 208 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031