Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық оқушы Халықаралық экономика олимпиадасында абсолют чемпион атанды

Қазақстандық оқушы Халықаралық экономика олимпиадасында абсолют чемпион атанды

Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Астаналық оқушы Батырхан Мұхтархан Грекияда өткен халықаралық экономика олимпиадасында (EO-2025) абсолют чемпион атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
EO-2025 олимпиадасына әлемнің түкпір-түкпірінен ұлттық іріктеуден өткен 100 мыңнан аса үміткер қатысты. Финалда 28 елден келген 128 мықтылар бақ сынады. Олар экономика мен қаржы саласындағы ең күрделі теориялық және практикалық тапсырмаларды – нақты жағдайларды талдаудан бастап шешімдерді модельдеуге дейін орындады.
Батырхан жалпы есепте бірінші орынды иеленіп, АҚШ, Канада, Қытай, Нидерланды, Польша, Чехия, Грекия және басқа да елдердің қарсыластарын артта қалдырды.
Айта кетейік, Батырханның қоржынында бірқатар жетістік бар: Экономика және қаржы бойынша республикалық олимпиаданың қола жүлдесі, Экономикадан халықаралық олимпиаданың (IEO-2024, Гонконг) қола жүлдесі, IEO-2025 (Әзербайжан) алтын жүлдесі, EFI олимпиадасындағы жеңіс (Нархоз, Қазақстан). Кезекті – жеңісі EO-2025 абсолютті алтыны.
"Мен үшін ең бастысы – жаңа нәрсені үйрену, күрделі тапсырмаларды шешу және өзімді дамыту. Өз жетістіктеріммен замандастарымды шабыттандырғым келеді", – дейді Батырхан.
Батырхан Мұхтархан – жаңа буын зияткерлерінің жарқын өкілі. Оның жетістіктері тек жеке жеңіс емес, сонымен қатар, Қазақстанның әлемдік білім беру аренасындағы беделін арттырды.
07 қыркүйек 2025 ж. 144 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930