Талғардағы оқиға: полицейлердің әрекетсіздігіне қылмыстық іс қозғалды

Алматы облысының прокуратурасы Талғар ауданында полицейлердің зорлау күдігіне ілінген ер адамды босатып жіберу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Күдікті кейін жәбірленушінің ағасын өлтіріп, кішкентай қызын ұрлап әкеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Облыс прокуратурасы Талғар ауданы ПБ қызметкерлерінің әрекетсіздігі (ҚК 370-бабы, 4-бөлігі) бойынша қылмыстық іс қозғады. Олар зорлау күдігіне ілінген ер адамды ұстауға қажет шара қолданбаған. Нәтижесінде күдікті Қызылқайрат ауылында ер адамды өлтіріп, кәмелетке толмаған қызды ұрлап әкеткен", – делінген хабарламада.
Қазір істі арнайы прокурорлар тергеп жатыр. Тергеу барысы облыс прокуратурасының ерекше бақылауына алынды.
"Прокуратура жалған ақпарат таратқандардың жауапкершілікке тартылатынын ескертеді және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады", – деп жазылған ресми мәлімдемеде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа деректер жарияланбайды.
ҚАРСЫ КӨРСЕТКІШТЕР БАР. ДӘРІГЕРМЕН КЕҢЕСІП АЛЫҢЫЗ
Айта кетейік, Талғардағы оқиға кезінде ұрланған кішкентай қызға дәрігерлер сәтті ота жасап, тіліне сегіз тігіс салған. Бұл туралы адвокат Гаухар Сәриева әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.