Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде сиыр еті экспортына квота енгізіледі

Елімізде сиыр еті экспортына квота енгізіледі

Фото: istockphoto.com
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысында сиыр еті экспортына квота енгізу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ішкі нарықтағы бағаның өсуін тежеу және халықты ірі қара етімен жеткілікті көлемде қамтамасыз ету мақсатында сиыр етін экспорттауға уақытша шектеу енгізілуде. Сонымен қатар квота ірі адал өндірушілерге қолданыстағы келісімшарттар бойынша жеткізілімдерді сақтауға және сыртқы сату нарықтарын сақтап қалуға мүмкіндік береді. Тиісті бұйрық Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан қабылданады.

Сондай-ақ жиында Қазақстаннан автокөлік және теміржол көлігі арқылы бензин, дизель отыны және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салуды ұзарту туралы шешім қабылданды. Бұл шара ішкі нарықты үздіксіз қамтамасыз етуге бағытталған.

Сонымен қатар 2026 жылғы қаңтардан бастап жеңіл дистилляттарды, авиациялық керосинді, дизель отынын, газойльдарды, толуолды, ксилолды және мұнай битумын ЕАЭО кедендік аумағынан тысқары шығаруға тыйым салу алты айға ұзартылады.

04 қыркүйек 2025 ж. 173 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 30

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031