Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде микрокредит беру қағидалары бекітілді

Елімізде микрокредит беру қағидалары бекітілді

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микрокредит беру қағидаларын бекітті.
Фото: Pixabay.com
— Микрокредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі туралы ақпаратты қамтитын жарнаманы тарату немесе орналастыру кезінде, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі цифрлық түрде көрсетіледі. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін жарнамада өзге ақпаратты көрсету кезінде пайдаланылатын қаріптен кіші қаріппен көрсетуге жол берілмейді, — делінген құжатта. 

Микроқаржы ұйымдары клиенттермен жұмыс істеу тәртібі жөніндегі ереже келесі тармақтарды қамтиды:

— клиенттердің құқығы мен мүддесін сақтау саясаты мен рәсімі;
— микрокредит беруге өтінішті қарау рәсімі мен мерзімі (өтініш беру қажет болған жағдайда);
— микрокредит беру кезінде клиентпен өзара іс-қимыл рәсімі;
— мүгедектігі бар және қозғалысы шектеулі жандарға қызмет көрсету тәртібі, қаржы ұйымдарына қойылатын ұлттық стандарт талаптарын ескере отырып (2026 жылғы 2 шілдеден бастап);
— мүгедектігі бар және қозғалысы шектеулі жандарға сенімді тұлғаның қатысуымен қызмет көрсету ерекшеліктері (2026 жылғы 2 шілдеден бастап).

— Микроқаржы ұйымына, микроқаржы омбудсмен немесе сотқа көрсетілетін микроқаржылық қызмет бойынша дау туындаған кезде клиентке оның жүгіну құқығы туралы хабарлайды. Осы мақсатта клиентке микроқаржы ұйымының, микроқаржы омбудсменнің орналасқан жері, электрондық поштасы және интернет-ресурсы (бар болса) туралы ақпарат берілуі тиіс, — деп түсіндірілген бұйрықта.

Бұйрық 2026 жылғы 2 шілдеде күшіне енеді. 

Өткен жылы айлыққа дейін микрокредит алғыш қазақстандықтардың саны өскені туралы жазған едік. 
04 қыркүйек 2025 ж. 57 0

Қауіпсіздік – басты назарда

03 қыркүйек 2025 ж. 160

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930