Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Зейнетақыны автоматты түрде тағайындайтын пилоттық жоба тоқтатылды

Зейнетақыны автоматты түрде тағайындайтын пилоттық жоба тоқтатылды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақыны автоматты түрде тағайындайтын пилоттық жобаның аяқталғанын хабарлады.
Коллаж: Canva
— Зейнетақы төлемін проактивті тағайындау бойынша пилоттық жоба болды. Бастапқыда оған мемлекеттік корпорациялар қатысты. Ұйымдардың кадр бөлімі 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі туралы ақпаратты зейнетке шығуды жоспарлаған қызметкерлер үшін енгізіп отырған. Кейін квазимемлекеттік сектор ұйымдары да қосылып, ақпарат енгізді, — деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, қазір пилоттық жоба аяқталды. 
— Пилоттық жобаны одан әрі қарай кеңейту мәселесі әзірге белгісіз, себебі барлық жұмыс беруші қызметкерлерінің алдыңғы жұмыс орнындағы, әсіресе 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі туралы ақпаратты енгізуге дайын емес. Сондықтан пилоттық жоба әзірге тоқтатылды, басқа бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Нақты айтқанда, Е-архивті цифрландырумен, е-архивпен интеграция жүргіземіз. Еңбек өтілі туралы ақпарат сол ақпараттық жүйеден алынады, — деп түсіндірді министрдің орынбасары.
Биыл жазда зейнетақы рәсімдеу процесін цифрландыру бойынша пилоттық жоба енгізілген еді.

30 тамыз 2025 ж. 283 0

Бағыты оң бағдарлама

25 сәуір 2026 ж. 31

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930