Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өңірлерден келген делегаттар Сыр елінің даму қарқынымен танысты

Өңірлерден келген делегаттар Сыр елінің даму қарқынымен танысты

Үкімет басшысы Олжс Бектеновтің тапсырмасымен Сыр өңірінің қаражатты тиімді пайдалану тәжірибесі республикаға үлгі ретінде ұсынылған. Осыған орай, аймақта әлеуметтік салаға бөлінетін қаражатты тиімді пайдалану мәселесі талқыланған республикалық семинар-кеңес өтті. Семинарға қатысу үшін министрліктер, орталық атқарушы органдар өкілдері, облыс әкімдерінің орынбасарлары, өңірлерден сала мамандары Қызылордаға жұмыс сапарымен келді.

Делегация мүшелері Қызылорда қаласындағы бірқатар әлеуметтік, мәдени және инфрақұрылымдық нысандардың жұмысымен танысты.
Алдымен қайта жаңғыртудан өткен Тәуелсіздіктің 25 жылдығы даңғылы арқылы өтіп, «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясының жұмысын көрді. Ондағы жасөспірімдер талабын ұштауға бағытталған жобаларға жоғары баға берді.
«Анаға тағзым» орталығында ұлттық құндылықтарды дәріптейтін және ананы құрметтеуге үндейтін жобаларға қызығушылық танытты. Сондай-ақ, қайта жаңғыртудан өткен қалалық мәдени-демалыс паркінде болып, тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізу үшін ұсынылған жаңа мүмкіндіктерді тамашалады.
Сол жағалаудағы 11 мың орындық жаңа стадион да назардан тыс қалмады. Мұнда спорт инфрақұрылымының дамуымен танысып, бұл нысан жастар және бұқаралық спортты дамытуға септігін тигізетінін атап өтті.
Одан кейін делегация облыстық тарихи-өлкетану музейінде болып, Сыр өңірінің бай тарихы және мәдени мұраларына қанықты. Өңірлерден келген қонақтар өзара тәжірибе бөлісіп, алдағы жоспарларды талқылады, атқарылған жұмыстарды жоғары бағалады.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
29 тамыз 2025 ж. 254 0

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж. 128

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930