Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алаяқтарда кеткен ақшаны алу оңайлады

Алаяқтарда кеткен ақшаны алу оңайлады

Қазақстан Ұлттық Банкі қаржы нарығындағы алаяқтық әрекеттерге тосқауыл қою үшін бірқатар заңнамалық түзетулер қабылданғанын мәлімдеді. Жаңашылдықтар Ұлттық Антифрод-орталықтың мүмкіндіктерін кеңейтуге, алаяқтардан зардап шеккен азаматтарға ақшаны қайтару рәсімін жеңілдетуге бағытталған.
Фото: pexels
Енді күдікті операциялар бойынша бұғатталған қаражат сот шешімін күтпей-ақ, прокурордың санкциясымен тергеу органдарына хабарлағаннан кейін қайтарылады.
Сондай-ақ, Антифрод-орталықта заңсыз әрекеттерге қатысы бар төлем карталары мен электронды әмияндардың дерекқоры жасалады. Ал есепшоты уақытша бұғатталған адамдар әлеуметтік төлемдер мен жалақысына қол жеткізе алады.
Күдікті транзакцияларды жан-жақты тексеру үшін бұғаттау мерзімі бұрынғы 3 күннен 5 жұмыс күніне дейін ұзартылды. Сонымен қатар, банк картасы мен шот деректерін алаяқтарға беретін «дропперлерге» қылмыстық жауапкершілік енгізіледі.
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұловтың айтуынша, бұл өзгерістер алаяқтық схемаларға дер кезінде тосқауыл қоюға, қаржы пирамидалары мен заңсыз ойын бизнесіне қарсы күресті күшейтуге мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, Антифрод-орталықтың деректер базасы Бас прокуратура, ҰҚК, Цифрлық даму министрлігі және мобильді операторлар жүйесімен біріктіріледі. Алдағы уақытта жасанды интеллект технологиясы енгізіліп, банктік қосымшалардағы күдікті белсенділікті анықтау және банкаралық деңгейде заңсыз аударымдарды бұғаттау жоспарланып отыр.
29 тамыз 2025 ж. 308 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930