Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Канадада 400 түйеқұс "өлім жазасына кесілді"

Канадада 400 түйеқұс "өлім жазасына кесілді"

Фото: pixabay.com
Канаданың федералды апелляциялық соты құс тұмауының таралу қаупіне байланысты Британдық Колумбиядағы фермадағы 400 түйеқұсты жою туралы шешімді күшінде қалдырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
The Boston Globe хабарлауынша, Universal Ostrich Farms иелері Карен Эсперсен мен Дэйв Билински фермада құс ауруы тіркелген 2024 жылдың желтоқсанынан бері бұйрыққа қарсы әрекет ету сәтсіз аяқталды.

Оқиға 36 күн ішінде 69 түйеқұстың өлуінен басталды, бұл жалпы олардың санының шамамен 15% құрады. Екі өлі құстың зертханалық зерттеулері құс тұмауының жоғары патогенді штаммы бар екенін растады.

Федералдық апелляциялық сот былтырғы шешімді қолдап, Universal Ostrich Farms компаниясының шағымын қабылдамады, - делінген хабарламада.

Канаданың азық-түлік инспекциясы агенттігі диагноз расталғаннан кейін қалған отарды жою туралы бұйрық шығарды. Шаруа қожалықтары жануарларды заңды жолмен құтқаруға тырысқанымен, апелляциялық сот реттеушінің шешімін күшінде қалдырды.

Шара қауіпті дерттің таралуын болдырмауға және басқа да ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қорғауға бағытталған. Шаруа қожалығының иелері сот шешіміне қатты қынжылыс білдіріп, құстарды құтқару үшін қолдан келген барлық әрекетінің таусылғанын баса айтты.
24 тамыз 2025 ж. 254 0

10 наурызға валюта бағамы

10 наурыз 2026 ж. 29

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031