Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңбыр, аптап, найзағай: 16 тамызға арналған ауа райы болжамы

Жаңбыр, аптап, найзағай: 16 тамызға арналған ауа райы болжамы

Фото: depositphotos.com
16 тамызда Қазақстанның бірқатар қаласында жаңбыр жауып, найзағай түсіп, бұршақ жауады. Ал елдің оңтүстігінде ауа райы ыстық болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астана
Көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады, найзағай түседі. Жел оңтүстік-батыстан, 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–18 м/с. Ауа температурасы: түнде +11…+13, күндіз +19…+21.

Алматы
Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Температура: түнде +18…+20, күндіз +30…+32.

Шымкент
Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, 8–13 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Температура: түнде +17…+19, күндіз +30…+32.

Ақтау
Жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 9–14 м/с. Температура: түнде +19…+21, күндіз +27…+29.

Ақтөбе
Көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 5–10 м/с, күндіз екпіні 15 м/с дейін. Температура: түнде +14…+16, күндіз +23…+25.

Атырау
Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан: түнде 5–10 м/с, күндіз 9–14 м/с. Температура: түнде +16…+18, күндіз +27…+29.

Жезқазған
Көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай, екпінді жел соғады. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–18 м/с. Температура: түнде +16…+18, күндіз +21…+23.

Қарағанды
Көшпелі бұлтты, жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ жауып, екпінді жел соғады. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Температура: түнде +12…+14, күндіз +21…+23.

Көкшетау
Көшпелі бұлтты, кейде жаңбыр жауып, найзағай түседі. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с. Температура: түнде +11…+13, күндіз +19…+21.

Қонаев
Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Температура: түнде +18…+20, күндіз +31…+33.

Қостанай
Бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстіктен 5–10 м/с. Температура: түнде +10…+12, күндіз +19…+21.

Қызылорда
Көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғып, шаңды дауыл тұрады. Жел батыстан: түнде 2–7 м/с, күндіз 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с. Температура: түнде +16…+18, күндіз +27…+29.

Павлодар
Көшпелі бұлтты, жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с. Температура: түнде +13…+15, күндіз +22…+24.

Петропавл
Көшпелі бұлтты, кейде жаңбыр жауып, найзағай түседі. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 9–14 м/с. Температура: түнде +11…+13, күндіз +20…+22.

Семей
Көшпелі бұлтты, кейде жаңбыр жауып, найзағай түседі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 7–12 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Температура: түнде +13…+15, күндіз +25…+27.

Талдықорған
Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыстан 5–10 м/с. Температура: түнде +12…+14, күндіз +30…+32.

Тараз
Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Температура: түнде +15…+17, күндіз +32…+34.

Түркістан
Көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр, найзағай, екпінді жел. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, 8–13 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Температура: түнде +17…+19, күндіз +30…+32.

Орал
Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 9–14 м/с. Температура: түнде +14…+16, күндіз +23…+25.

Өскемен
Көшпелі бұлтты, кейде жаңбыр жауып, найзағай түседі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, 7–12 м/с, екпіні 15–20 м/с. Температура: түнде +13…+15, күндіз +23…+25.
16 тамыз 2025 ж. 145 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031