Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Инвесторлар үшін "бір терезе" қағидаты бойынша жұмыс ережелері өзгертілді

Инвесторлар үшін "бір терезе" қағидаты бойынша жұмыс ережелері өзгертілді

Фото: pexels
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 7 тамыздағы бұйрығымен инвесторлар үшін "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру ережелеріне, сондай-ақ инвестиция тарту кезіндегі өзара іс-қимыл тәртібіне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өзгерістермен бірқатар ұғымдар нақтыланды:

инвестициялық жоба – жаңа өндірістер құруға, қолданыстағы өндірістерді кеңейтуге және (немесе) жаңартуға арналған инвестицияларды қамтитын іс-шаралар кешені, оның ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылған жобалар, сондай-ақ елдік маңызы бар нысандарға немесе жобаларға бағытталған инвестициялар;
жалпыөңірлік инвестициялық жобалар пулы – экономика салаларының барлық бағыттарында құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 150 000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі, бастамашылары жеке кәсіпкерлік субъектілері (отандық және шетелдік инвесторлар) болып табылатын және өңірлік инвестициялық штабтың шешімімен бекітілген критерийлерге сәйкес келетін, жергілікті атқарушы органдар қалыптастыратын іске асырылып жатқан және дайындалу кезеңіндегі инвестициялық жобалар тізімі;
Task Force – инвестициялық жобалар пулын қалыптастыру және сүйемелдеу үшін жауапты ұлттық компанияның құрылымдық бөлімшесі. Бұл пулда 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген кемінде 7,5 миллион айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде инвестицияларды көздейтін және "жасыл дәліз" критерийлеріне сәйкес келетін, инвестициялық келісімдерге қол қойылатын жобалар қамтылады.
Сондай-ақ, жаңа ұғым енгізілді:

өңірлік инвестициялық штаб – әр өңірде жергілікті атқарушы органмен, өңір әкімі басшылығымен және оның құрамына жергілікті атқарушы орган құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын, инвестиция тарту жөніндегі ұлттық компанияның өңірлік өкілдерін, өңірлік кәсіпкерлер палатасы өкілдерін, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар басқарушы компанияларын, прокуратураны, салық органдарын және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды енгізе отырып құрылады. Өңірлік инвестициялық штабтың құзыретіне өңірдің инвестициялық жобалары бойынша проблемалық мәселелерді қарау кіреді.
Бұдан бөлек, өзгерістермен жалпыөңірлік инвестициялық жобалар пулын қалыптастыру тәртібі өзгертілді.

Атап айтқанда, жалпыөңірлік пулға 150 000 АЕК-ке дейінгі инвестиция көлемі бар, өңірлік инвестициялық штаб бекіткен критерийлерге сәйкес келетін жобалар енгізіледі.

Жергілікті атқарушы орган жобаның төлқұжатын Ұлттық инвестицияларды қолдау орталығының ақпараттық жүйесінде қалыптастырады, содан кейін инвестициялық жоба автоматты түрде жалпыөңірлік пулға енгізіледі.

Жалпыөңірлік пулдан жобаларды шығару өңірлік инвестициялық штабтың оң шешімі болған жағдайда жергілікті атқарушы органдар арқылы жүзеге асырылады.

Сондай-ақ жалпыөңірлік пулдағы инвестициялық жобаларды "бір терезе" қағидаты бойынша сүйемелдеу жергілікті атқарушы орган мен өңірлік ұйымдар арқылы іске асырылады.

Бұйрық 2025 жылғы 24 тамыздан бастап күшіне енеді.
14 тамыз 2025 ж. 139 0

Балалықтың тәтті бояуы

14 тамыз 2025 ж. 159

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031