Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Банк шоты бұғатталған жағдайда не істеу керек

Банк шоты бұғатталған жағдайда не істеу керек

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл жағдайдан қалай сақтануға болатынын түсіндірді
Банк шоты бұғатталған жағдайда не істеу керек
Фото: istockphoto.com
Банк шоты түрлі себеппен бұғатталуы мүмкін. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мұндай жағдайда не істеу қажет екенін еске салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шотты бұғаттаудың ықтимал себептері:

  • алаяқтық немесе әдеттен тыс операцияларға күдік (мысалы, қомақты немесе жиі аударымдар, әсіресе шетелден);
  • мемлекеттік органдардың сұрауы (салық қызметі, сот орындаушылары, қаржылық мониторинг органдары) бойынша бұғаттау;
  • банк жүйесіндегі техникалық іркіліс немесе қате;
  • қате ПИН-код енгізу;
  • картаның қолданыс мерзімінің аяқталуы;
  • салықтар, алименттер, кредиттер және басқа міндеттемелер бойынша берешектің болуы;
  • шотты алаяқтық мақсатта пайдалануға шағым.
Егер шотқа кіру шектелгенін байқасаңыз, алдымен банктің мобильді қосымшасындағы хабарламаларды тексеріңіз – себебі сол жерде жазылуы мүмкін. Толық ақпарат алу үшін колл-орталық арқылы банкке немесе жақын жердегі бөлімшеге хабарласыңыз. Қолжетімділікті қалпына келтіру үшін қандай әрекеттер қажет екенін нақтылаңыз.
«eGov.kz немесе салық төлеушінің кабинеті арқылы ықтимал берешектің болуын тексеріңіз. Қажет болса, қаражаттың пайда болу көзін растайтын құжаттар дайындап, ұсыныңыз», - деп жазылған хабарламада.
Егер банк түсініктеме бермесе немесе шара қолданбаса, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне шағым түсіре аласыз.

Бұғатталу қаупін қалай азайтуға болады:

  • кәсіпкерлік қызмет үшін жеке шотты пайдаланбаңыз;
  • банкті ірі аударымдар және өзге де әдеттегі операцияларға ұқсамайтын операциялар жөнінде алдын ала хабардар етіңіз;
  • дербес деректердің өзектілігін және құжаттардың қолданыс мерзімдерін қадағалап отырыңыз;
  • берешектердің болуын үнемі тексеріп отырыңыз және уақтылы өтеңіз.
Өзге де пайдалы материалдармен Fingramota.kz сайтынан таныса аласыздар.



14 тамыз 2025 ж. 143 0

Балалықтың тәтті бояуы

14 тамыз 2025 ж. 181

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031