Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мамандар қоғамдық жерлердегі тегін Wi-Fi-дың қаупі туралы ескертті

Мамандар қоғамдық жерлердегі тегін Wi-Fi-дың қаупі туралы ескертті

Олар мұндай желілерді киберқылмыскерлер жиі пайдаланады дейді
Мамандар қоғамдық жерлердегі тегін Wi-Fi-дың қаупі туралы ескертті
Фото: © istockphoto.com
Қазақстандықтарға кафе, сауда орталығы мен қонақүйдегі қоғамдық Wi-Fi-ға қосылғанда абай болу керектігі ескертілді. Мұндай желілерді киберқылмыскерлер жиі пайдаланады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметіне сілтеме жасап.

Қоғамдық Wi-Fi неге қауіпті

Ведомствоның түсіндіруінше, қоғамдық орындардағы желілер көбіне тиісті деңгейде қорғалмаған. Бұл жағдайда:
  • зиянды кодты кіреберіс немесе төлем бетіне енгізу;
  • пайдаланушы деректерін ұрлау;
  • қаржылық алаяқтық жасау сияқты қауіптер туындайды.
Мысалы, сіз банк қосымшасына кіргенде желіні ұстап алған қаскүнем интерфейсті өзгертіп, логин мен құпиясөзіңізді ала алады.

Мобильді банкингті қауіпсіз пайдалану үшін

Агенттік мамандары азаматтарға мынадай кеңестер береді:
  • Қосылмас бұрын желінің атауын персоналдан нақтылаңыз;
  • Егер сайт немесе қосымша әдеттегіден өзгеше көрінсе — деректерді енгізбеңіз;
  • Мүмкін болса, мобильді интернет немесе жеке хот-спотты пайдаланыңыз;
  • Операциядан кейін банк қосымшасынан шығып, сессияны жабыңыз.

Құпиясөз және қорғау шаралары

  • Банк қосымшасының құпиясөзі күрделі және тек сізге ғана белгілі болсын;
  • Бір құпиясөзді әлеуметтік желі мен поштада қайталамаңыз;
  • Екі факторлы аутентификацияны (2FA) қосыңыз;
  • SMS немесе push-хабарламалар арқылы операциялардан хабардар болыңыз;
  • Қосымшаларды тек ресми дүкендерден (App Store, Google Play) жүктеңіз;
  • Телефонды PIN-код, саусақ ізі немесе Face ID арқылы қорғаңыз;
  •  Телефон жоғалған жағдайда SIM-картаны және банк қосымшаларын дереу бұғаттаңыз;
  • Күндік ақша аудару лимитін орнатыңыз;
  • Банк қосымшасындағы белсенді құрылғылар тізімін тексеріп отырыңыз.

Алаяқтардан хабардар болыңыз

«Банк қызметкерлері ешқашан СМС-код, пароль немесе карта деректерін сұрамайды. Күмәнді жағдай туындаса, дереу банкке хабарласыңыз», – дейді агенттік мамандары.



09 тамыз 2025 ж. 202 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031