Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда төлеу тәсіліне байланысты бір тауарға екі түрлі баға қойылмақ

Қазақстанда төлеу тәсіліне байланысты бір тауарға екі түрлі баға қойылмақ

Фото:Ru.freepik.com
Қазақстанда төлем тәсіліне қарай бір тауарға қос баға қойылуы мүмкін. Тауарды қандай бағаға сатып алатыныңыз толық төлем жасауыңызға не бөліп төлеуіңізге байланысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин үкіметтің дүкендерді тауарды бөліп төлеумен сатып алған кезде адамдар қанша артық төлейтінін ашық көрсетуге міндеттейтін өзгерістерді әзірлеп жатыр. Бұл өзгерістерді шенеуніктер жыл соңына дейін талқылауды жоспарлап отыр.
“Біз тұтынушылық несиелендіруді дамыту аясында азаматтарымыз тауарды бөліп төлеу немесе несиеге алған кезде оның бағасы неден құралатыны туралы объективті әрі шынайы ақпарат алуын қалаймыз. Ол қанша артық төлейтінін түсініп, өз мүмкіндіктерін есептей білуі керек”, – дейді Ұлттық экономика министрі.
Министр қазақстандықтар ғана емес, мемлекет те қаржыны үнемдеп үйрену керегін атап өтті. Серік Жұмағариннің айтуынша, үкімет өз шығындарын оңтайландырып, қолданыстағы әлеуметтік қолдау шараларын қайта қарауы керек.
“Үнемдеп үйрену керек. Бұл зейнеткерлерден үнемдейміз деген сөз емес. Бірақ біз әлеуметтік қолдау шараларын толықтай қайта қараймыз. Келер жылы және одан кейін берілетін жеңілдіктерді де қайта қарап, өзгерістер енгіземіз”, – деді Серік Жұманғарин.
14 тамыз 2025 ж. 207 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031