Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада Абай күні қарсаңында ұлы ақынның құрметіне есімі берілген екі ұл дүниеге келді

Қызылордада Абай күні қарсаңында ұлы ақынның құрметіне есімі берілген екі ұл дүниеге келді

Биыл ұлт руханиятының темірқазығы, Абай Құнанбайұлының туылғанына 180 жыл толып отыр. Ұлы ақынның туған күнінде Қызылорда облысында екі отбасының ата-аналары өз ұлдарына Абай есімін берген. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалы хабарлады.
Жаңа туған сәбилердің бірі – Асылхан мен Айгерім Тоқтамырзаевтардың ұлы. Ата-анасының айтуынша, есімді таңдауға ұлы жазушыға деген терең құрмет себеп болған.
– Ұлымыздың дәл осы 10 тамызда, яғни Абай күнінде дүниеге келгенін білгенде біз мұны ерекше белгі деп қабылдадық. Абай – даналықтың, адалдықтың және білімге ұмтылудың символы. Ұлымыз да осы құндылықтарды бойына сіңірген азамат болып өссін дейміз, – деді сәбидің әкесі Асылхан Тоқтамырзаев.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалы директорының орынбасары Жанар Ахетова Абай есімін иеленген екі ұлдың дәл Абай күнінде дүниеге келуін өте символдық оқиға деп бағалады.
Бұл – ұлы ақынның есімі мен мұрасы әлі де халық жадында екенінің, оның идеялары қазақстандықтардың жүрегінен орын алып отырғанының қуанышты белгісі, – деді ол.
12 тамыз 2025 ж. 141 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031